AP19680346 - «Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүр»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

AP19680346 - «Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүр»

проект17 (2).png

 

Камишева.jpg

 
 
 
Жобаның жетекшісі 

Камишева Гүлнұр Аббасқызы
педагогика ғылыдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор 
 
 
 
 
Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атаулары

Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер
 
Қаржыландыру соммасы
44 032 531,46 тг
 
Жобаның мақсаты

Сыр сүлейлерінің шығармаларындағы Шығыстық дәстүрді ғылыми жүйеде саралау. Шығыстық дәстүрдің Сыр сүлейлері шығармаларындағы көрінісі бүгінгі көзқарас тұрғысынан ашып көрсету. Сыр сүлейлері шығармаларындағы шығыстық дәстүр ерекшеліктерін көркемдік ойлау негізінде айқындап, ғылыми тұрғыда баға беру. Сыр сүлейлері шығармалары мен әлемдік әдеби-мәдени байланыстар мен Шығыстық дәстүрдің маңызын айқындау.
 

Жобаның міндеттері


– Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуын зерделеу;
– Сыр сүлейлеріндегі дәстүр жалғастығын саралау;
– Шығыстық үлгіде жазылған Сыр сүлейлері поэзиясының жанрлық, тақырыптық ерекшелігін ажыратып, әдеби теориялық талдау жасау;
– Сыр сүлейлерінің Шығыстық дәстүрде жазылған жазылған дастандарының дидактикалық сарынға ғылыми талдаулар жасау;
– Шығыстық сюжетке құрылған аңыз, мысал дастандардағы нәзирагөйлік әдіс, ұлттық сипат мәселелерінің қазақ әдебиетіндегі маңыздылығы айқындалау;
– Сыр бойындағы қалыптасқан ақындық орта, ақындық мектепке Шығыс дәстүрінің ықпалы, ағартушылық дүниетаным, имандылық құндылықтар мәселесін бағалау;
– Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүр сипаты, авторлық идея, қаламгер қолтаңбасын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
– Базар жырау, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Жиенбай жырау т.б. шығармаларынан Шығыс дәстүр айқындалып, өзіндік ерекшеліктерін зерделеу;
– Ұлттық және әлемдік әдеби-мәдени байланыстар мен Шығыстық дәстүрдің маңызын айқындау.
– Шығыстық дәстүрдің қалыптасу мен дамуындағы Сыр сүлейлерін ықпалын анықтау;
– Нәзирагөйлік әдіс дәстүріндегі Сыр сүлейлерінің үлесін дәлелдеу;
– Ғазал, мінәжат, бәйіт қазыда, мәссауи, мурабба, рубайлар, өсиет өлеңдердің Сыр сүлейлеріндегі дәстүр жалғастығы, ой жалғастығын анықтау
– Сыр сүлейлері жазған Шығыстық үлгідегі дастандардан таным бірлігін ашу, маңызын нақтылау.
– Дастандардағы сюжеттi құрылым, бейнелiлiк өрнектерiнiң поэтикалық ерекшелiктерiн талдау;
 

Күтілетін нәтижелер


1. Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау:
Зерттеу нәтижелері Web of Science базасының Social Science Citation Index индекстелетін және Scopus базасындағы Cite Score бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 мақала, ҒЖБССҚК ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда 5 (бес) мақала жарияланады;
- Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуын айқындап, зерделеу;
- Сыр бойындағы ақындық ортаға Шығыстық әсер ықпалын ашып, ағартушылық дүниетаным мәселесін айқындау;
- Шығыстық үлгіде жазылған Сыр сүлейлеріңің поэзиясының жанрлық ерекшелігін ажыратып (бәйіт, ғазал, рубай, мінәжат т.б.) топтастырылады;
- Сыр сүлейлері қалыптастырған дастаншылдық әдіс және дидактикалық сарынға ғылыми жүйеде талдама жасалады;
- Шығыстық сюжетке құрылған аңыз әжен мысал дастандардағы ұлттық сипат пен көркемдік ойлау қалыптасуының тарихи-әдеби негізділігі танылады;
- Сыр сүлейлері поэзиясындағы Шығыстық дәстүр және ұлттық сипат, ұлттық мінез мәселелерінің қазақ әдебиеттануы тарихындағы маңыздылығы айқындалады;
2. «Сыр сүлейлері және Шығыс поэзиясы» 20 б.т. монография шығарылады.
3. «Сыр сүлейлері жазған дастандардағы нәзирагөйлік әдіс» 15 б.т. әдістемелік оқу құралы шығарылады.
- Шығыстық үлгіде жазылған дастандар мен мысалдарға әдеби-теориялық талдамалар жасалып, көркемдік ерекшелікпен байланысты бірлікте қарастырылады;
- Сыр сүлейлерінің шығыстық үлгіде жазған шығармалары бойынша (қалалық, облыстық көлемде) орындаушылардың конкурсы ұйымдастырылады;
- Ғылыми жобаны зерттеу нәтижесі бойынша студенттер мен магистранттардың ғылыми жобаға дайындап, халықаралық, республикалық, облыстық конференцияларда баяндама жасату, ғылыми басылымдарда мақалалар жариялау;
- «Сыр сүлейлеріне классикалық Шығыс әдебиетінің әсері» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өткізіледі;
- Алыс-жақын шетелдерге іс-сапар ұйымдастырылып, Шығыстық ықпал мен әдеби-мәдени байланыстар жасалады;
- Студенттерге «Т.Ізтілеуов дастандарындағы Шығыстық дәстүр», «Қ.Ерімбет дастандарындағы Шығыстық сақилық, адамгершілік, имандылық мәселесі», «Базар жырау дастандарындағы сюжеттік желі» атты диплом жұмыстарын жаздырып, Сыр сүлейлерінің дүниетанымдық, философиялық ой-толғамдары арнайы қарастырылады;
- Магистранттардың диссертациялық жұмыстарына «Базар жыраудың «Айна-тарақ» дастанының сюжеттік шешімі мен сопылық сарын», «Шораяқтың Омары мысалдарындағы Шығыстың ертегілік сюжет және өсиеттік, тәрбиелік мәні», «Т.Ізтілеуов мысалдарындағы Шығыстық үлгі мен ұлттық сипат» тақырыптары ғылыми нысан етіп ұсынып, жаңаша зерделеу қазіргі жаңа әлемдегі Қазақстан әдебиетінің дәстүрлі мұраларын өркениет кеңістігіндегі тұғырын танытудың маңыздылығы аңғартылады.
Ғылыми жоба материалдары отандық және шетелдік әдебиеттану мәселелері бойынша теориялық және практикалық зерттеулерді толықтырады. Сол сияқты Шығыстық ықпалдастық пен әдеби алмасу сияқты әдеби-мәдени байланыстарды айқындайды.
 
Орындалу кезеңі
2023-2025 жж
 
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...