РАХАТ ҚҰРМАНБАЕВ: “Тағлымдамадан өту - мамандығыңды әлемдік деңгейде танудың тиімді жолы”
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 қараша 2024
  • 618

РАХАТ ҚҰРМАНБАЕВ: “Тағлымдамадан өту - мамандығыңды әлемдік деңгейде танудың тиімді жолы”

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 6 профессор-оқытушысы «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында шет елде біліктіліктерін арттыруда. Олардың қатарында биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рахат Құрманбаев бар.

Рахат Хамитұлы -  АҚШ-тың Иллинойс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Медиа орталық журналисті ғалыммен онлайн байланысқа шығып, сауалдарын жолдады. Назарларыңызға “Біздің ғалым” жаңа айдарына жарияланған алғашқы сұқбатты ұсынамыз.

- Шет елде білім алу тәжірбиесі сіз үшін қалай өтуде?

- «500 ғалым» жобасы Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған және әлемнің жетекші университеттерінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаның арқасында АҚШ-тың ғалымдарының жеке дәрістеріне, тілдік дағдыларды арттыру мақсатында әртүрлі семинарлар мен академиялық іс-шараларға қатысу арқылы кәсіби білімімді шыңдаудамын. Алдағы уақытта еліміздің білім беру жүйесін дамытуға өз үлесімді қосуға ниеттімін.

Америка Құрама Штаттары білім беруге ерекше көңіл бөледі және бұл бағыт бойынша дамыған елдердің бірі болып саналады. Мұнда білім беру жүйесінің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін үздік басқару әдістері мен стратегиялары қолданылады.

WhatsApp Image 2024-11-26 at 11.05.41.jpeg

WhatsApp Image 2024-11-26 at 11.05.41 (1).jpeg

- Білім беру жүйесінде айырмашылықтар бар ма?

- Әрине бар, себебі бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттары ғылыми-зерттеу жұмыстарында, озық технологияларды құру мен жүзеге асыруда, экономиканы, өнеркәсіпті дамытуда әлемдік көшбасшы мемлекет болып табылады.

Соның ішінде Урбана-Шампейндегі Иллинойс университеті (UIUC) - АҚШ-тағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Университет 1867 жылы құрылған және АҚШ-тағы ең үздік университеттердің бірі болып табылады. UIUC әлемдегі ең үздік 50 университеттің қатарына кіреді. Әсіресе жаратылыстану, инженерия, информатика және бизнес саласындағы білім, ғылым, өндірістік бағдарламаларымен танымал.

- Оқу барысында қандай қиындықтар болды? Тілдік жағынан кедергі болды ма?

- Жалпы кез келген ортаның ауысуына байланысты адаптация болады, ол табиғи нәрсе. Қазақстан мен АҚШ арасында жазғы уақытта 10 сағат, қысқы уақытта 1 сағат айырмашылық бар. Сонымен қатар алғашқы айы ұзақ мерзімге пәтер табу деген сияқты мәселелер болды. Бұның бәрі физиологиялық, тұрмыстық майда-шүйда нәрселер. Бірақ негізгі қиындық,  ол тілдік барьер. Себебі, Америка университетінің тілдік ортасына түскенде, барлығы қарым-қатынас шеңберіне қосыла алмайды екен, оған алдын ала практикалық құзыреттіліктер қажет.


WhatsApp Image 2024-11-26 at 11.05.40.jpeg

WhatsApp Image 2024-11-26 at 11.05.40 (1).jpeg

- Қазақстанға келген соң жоспарыңыз қандай?

- Ғылыми тағылымдама аяқталғаннан кейін алған білімім мен дағдыларымды практикада қолдана отырып, кафедраның, институттың академиялық және зерттеу салаларын  одан әрі дамуытуға өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан алдағы уақытта ғылыми жобаларға қатысып,  халықаралық әріптестермен және де мүмкіндігінше тағылымдама кезінде байланыс орнатқан ғалымдардың қатысуымен экология саласында зерттеу тәжірибесін дамытып, жаңа жобалар ашу. Тағылымдама барысында алған білімім мен тәжірибемді студенттерге заман талабына сай білім беру үшін қолдануға тырысамын. 

- Болашақта шет елде жұмыс жасау ойыңызда бар ма?

- Менің ойымша, заманауи университет ғалымы шетелдік университеттен ғылыми тағылымдамадан өтуі дұрыс болар еді. Оның негізгі талабы - тілдік құзыреттілік. Әр ғалымның алдындағы бүгінгі талап – әр түрлі мерзімді сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру. Меніңше, бұл да шетелдік университетте жұмыс жасаудың тиімді бір түрі.

Осындай бағдарламалардың арқасында тағылымдамадан өтіп жатқан әрбір ғалым өз мақсаттарына жету үшін бұл уақытты тиімді пайдалануға тырысуы керек. Осылайша, «500 ғалым» жобасы Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосады. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық халықаралық ғылыми байланыстарды нығайта отырып, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатуға, тәжірибе алмасуға және өз елінде озық тәжірибелерді енгізуге көмектеседі.

P. S. Кейіпкерге сауал жібергенде, уақыт айырмашылын ескермеппіз. Біз Қазақстан уақытымен 11:03-те жазғанда, АҚШ-та түнгі 00:06 кеткен екен. Рахат Хамитұлы, түсіністікпен қарап: “мен ұйықтап алайын, таңертең жіберемін” деп әзілдеп жауап берді. Осылайша 12 сағат айырмашылықпен сырлы да әсерлі сұқбаттың реті келді. Уақыт айырмашылығына қарамастан, уақыт бөліп сұқбаттасқаныңызға рақмет!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...