6В06101 – Ақпараттық жүйелер (ЖИ)
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

6В06101 – Ақпараттық жүйелер (ЖИ)

Институт Жасанды интеллект институты
КафедраЖасанды интеллект институты Жасанды интеллект институты
Білім беру бағдарламаларының тобы

ББББ B057 - Ақпараттық технологиялар

Атауы 6В06101 – Ақпараттық жүйелер
Аккредитация  
Білім беру бағдарламасының түрі Жаңа
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және қолдау саласында білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама қазіргі заманғы қауіпсіздік, тиімділік және ыңғайлылық талаптарына сай жоғары сапалы бағдарламалар әзірлеу бойынша мамандарды дайындауға бағытталған. Сонымен қатар, деректерді талдау әдістерін, ақпараттық жүйелердің тиімділігін, машиналық оқыту мен жасанды интеллектті қолдануды оқыту арқылы түлектердің инновациялық қабілеттерін арттыруға бағытталған.
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары білім)
Қызметтер тізбесі

- Ақпараттық жүйелер бойынша маман (Information Systems Specialist)

Ақпараттық жүйелерді басқару, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету.

Бизнес-процестер мен шешімдер қабылдауды қолдау үшін деректерді талдау.

Пайдаланушыларды қолдау және ақпараттық жүйелерді оңтайландыру.

- Жасанды интеллект инженері (AI Engineer)

Машиналық және терең оқыту алгоритмдерін әзірлеу және енгізу.

Деректерді талдау мен тапсырмаларды автоматтандыру үшін жасанды интеллект модельдерін жобалау және тестілеу.

TensorFlow және PyTorch сияқты ИИ құралдарымен жұмыс істеу.

- Деректер талдаушысы (Data Analyst)

Әртүрлі бизнес тапсырмалар үшін деректерді жинау, өңдеу және талдау.

Есеп беруді құру және оңтайландыру, деректерді визуализациялау.

SQL, Python және арнайы кітапханалар сияқты деректерді талдау құралдарын қолдану.

- Киберқауіпсіздік инженері (Cybersecurity Engineer)

Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау және талдау, деректерді қорғау протоколдарын әзірлеу және енгізу.

Қорғаныс стратегияларын әзірлеу және деректерді ішкі және сыртқы қауіптерден қорғау.

Кәсіби қызмет объектісі

Технологиялық және IT компаниялар

- Компаниялар: Яндекс, Kolesa Group, EPAM, Казахтелеком, Beeline

- Міндеттері: Ақпараттық жүйелерді әзірлеу, деректерді басқару, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу, ақпараттық инфрақұрылымды қолдау.

Қаржы секторы және банктер

- Компаниялар: Halyk Bank, Kaspi Bank, Сбербанк, Финтех-компаниялар

- Міндеттері: Бизнес шешімдер үшін деректерді талдау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаржылық процестерді автоматтандыру, клиенттерді қолдау және тәуекелдерді болжау жүйелерін әзірлеу.

Мемлекеттік және білім беру мекемелері

- Ұйымдар: Министрліктер, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары

- Міндеттері: Цифрлық жобаларды жүзеге асыру, үлкен көлемді деректерді өңдеу және басқару, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді дамыту.

Өндірістік және энергетикалық компаниялар

- Компаниялар: КазМунайГаз, Самрук-Энерго, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар

- Міндеттері: Өндірістік процестерді автоматтандыру, өндірістегі деректерді басқару, ресурстарды бақылау және оңтайландыру үшін IoT және жасанды интеллект технологияларын енгізу.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі -
Оқу түрі ҚББТ қолданусыз күндізгі
ҚББТ қолданумен күндізгі
Оқыту формасы Бүкіл оқу мерзіміне 245 академиялық кредитті және бір оқу жылы үшін қажетті академиялық кредитті игеру мерзімімен анықталады. Сәйкесінше оқу мерзімі 4 жыл. Студенттің оқу мерзімінің ұлғаюы немесе азаюы кезінде бір оқу жылында аз немесе көп академиялық кредиттер алуына рұқсат етіледі. Жоғары білімі немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалардың оқу мерзімі транскрипт (дипломға қосымша) негізінде айқындалатын білім алушының алғышарттары ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредиттер қайта есептеледі және олардың көлемі жеткілікті және білім беру бағдарламасы үздіксіз болған жағдайда бұрын игерілген пәндер есепке алынады.    
Оқыту тілі Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Кредит көлемі/сағат 245/7350 
Түлектер моделі Жүктеу
2023-2027 жылдарға арналған білім беру бағдарламасын дамыту жоспары  Жүктеу
Білім алушыға қойылатын талаптар

Жоғары білім

орташа арнайы білім

жалпы орта білім беру
Бағдарлама менеджері Кулмурзаев Нурлан Серикұлы  

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...