«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының тарихы

 

Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы 1990ж. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен информатика және есептеуіш техника кафедрасы болып ашылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып ф-м.ғ.к., профессор С.Азаматов тағайындалды.

С.Азаматов –С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, КСРО Сібір бөлімшесінің Есептеу орталығының аспирантурасын бітірген, академик М.М. Лаврентьевтің шәкірті. Көптеген жылдар бойы физика-математика, экономика және менеджмент факультеттерінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы болып қызмет жасады. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері.

Кафедрада сол кезде оқытушы-профессорлары ф-м.ғ.к., профессор О.К.Камардинов, ф-м.ғ.к., доцент В.Ким, т.ғ.к., В.Свечников, аға оқытушылар Ш.Бимұратов, К.Жүсіпбек, Ж. Сәтбаева және оқытушылар Б.Қалиев, Н.Ибрагимова, Д.Байзілдаева, Л.Теңізқұлова, А. Жандосовтар қызмет етті.

1993 жылы кафедра информатика,есептеуіш техника және машиналар кафедрасы болып өзгертіліп, материалдық-техникалық базасын нығайтты. Оқу процесін, оқу-әдістемелік және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын талапқа сай көтеруде көптеген жылдар бойы кафедра меңгерушісі болған т.ғ.к.,доцент С.Қашқынбаев, профессор С.Азаматов, О.Камардинов және аға оқытушылар Ш.Бимұратов, К.Жүсіпбек, Н.Ибрагимова үлкен жұмыстар жүргізді, информатика пәніне арналған көптеген оқу-әдістемелік құралдар осы кезеңде жарық көрді және жаңа компьютерлік кластар пайда болды.

Кафедра құрамы университеттің физика және информатика, математика және информатика мамандықтарын бітірген жас мамандары Ұ.Әйтімова, Р.Альменаева, Г.Мукеева, С.Ниязбаева, Е. Мақашев және Б. Досжановтармен толықты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті құрылғаннан кейін Информатика кафедрасы қайта ашылып, кафедра меңгерушісі болып ф-м.ғ.к., доцент Ғ.Баканов тағайындалды. Кафедрада п.ғ.д., доцент С.Кариев, ф-м.ғ.к., доцент Е. Әбжанов, Н.Тұрлығұлова, Б. Досжанов, Р.Әлменаева, А. Дәрібаев, Қ. Қалауова, М. Жаңабатыров және Ә. Баялиевтар қызмет жасады. 1999-2000 оқу жылында информатика кафедрасы қолданбалы математика кафедрасымен біріктірілді.  

Университетте 2000-2001 оқу жылында информатика мамандығының ашылуына байланысты қолданбалы математика кафедрасынан бөлініп, өз алдына информатика кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Б.К.Калиев тағайындалды,  аталған кафедраны 6 жыл басқарды. Кафедра оқытушылары информатика мамандарын дайындаумен қатар университеттегі экономикалық, инженерлік және педагогикалық мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге дәріс оқиды. Сол кездегі кафедраның құрамында аға оқытушылар С. Тоқсанова, Н. Ибрагимова, Р. Әлменаева, Б. Досжанов,  Баубекова, Б. Жарменова, Б. Жүсіпбек, А. Нұрғалиева, С. Тілеубай, Д. Махаева, Д. Марат болды.

2002-2003 оқу жылында кафедра информатика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра университетті үздік бітірген Н. Құлмырзаев, С.Ахметов, С. Сағаева, С.Биманова, Ж. Үмбетай және С. Касаева сынды жас мамандармен толықтырылды.

2006-2009 оқу  жылдар кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент С.Үсенов тағайындалды. Кафедра оқытушы-профессорлар құрамына белгілі ғалымдар: п.ғ.д., профессор Е.Бидайбеков, п.ғ.д., профессор В.В. Гриншкун тартылды. Кафедра Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің информатика және қолданбалы математика кафедрасымен, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің білім саласын ақпараттандыру кафедраларымен тығыз байланыс орнатып  айына бір оқытушы кәсіби біліктілігін арттырып отырды.

2007 жылы кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент С.Үсенов Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орынының үздік оқытушы мемлекеттік грант иегері атанды.

Кафедра мүшелері бүгінгі заман талабына сай орта және арнаулы оқу орындарына білікті мамандар даярлаумен қатар республика және облыс көлемінде информатиканы оқыту үдерісін жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қайта құру жұмыстарына атсалысып келеді.

Кафедраның оқу-материалдық базасы ұдайы толықтырылуда. Жаңадан «Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту барысында қолдану әдістемесі» зертханасы ашылып, зертхана соңғы үлгідегі компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиа, сканермен жабдықталды.

2007 жылы Қызылорда облысы әкімдігімен Корей Республикасы Кенгидо провинциясының білім департаменті арасында өзара ынтымақтастық келісімшартқа қол қойылды. Осы келісім шарт негізінде кафедраның №211 зертханасына (Pentium(R) 4.ОЗУ 256МБ) 30 компьютер, «DATA BOARD» интерактивті тақта орнатылып, информатика мамандығының студенттеріне арнайы пәндерден дәріс берілуде. Келісімшарт аясында ғалымдар жыл сайын тәжірибе алмасуды дәстүрге айналдырды. Кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.к. Н.Ибрагимова Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері атанып, Малайзия еліндегі Mutiara.com ғылыми-зерттеу мекемесінде 2 ай мерзімге ғылыми тағылымдамадан өтті.

2009-2010 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к. А.Сейтмұратов тағайындалды. Бұл жылы кафедрада Оңтүстік Корея елінен Ли Хе Ен мырза волонтер ретінде оқытушылық қызмет атқарды.

Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы Мәскеу қаласының педагогикалық университетінің Білім саласын ақпараттандыру кафедрасымен, К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлы университетіндегі Қолданбалы информатика кафедрасымен және Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және қолданбалы математика кафедрасымен, Қазақстан педагогикалық Ғылымдар академиясымен тығыз ғылыми байланыста.

Кафедраның ғылыми жұмыстары жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, информатиканы оқыту әдістемесінің әр түрлі салаларын зерттеуге бағытталған.

2011-2012 оқу жылы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., профессор С.Үсенов, оқу жылының екінші жартысында кафедра түлегі э.ғ.к. Н.Құлмырзаев кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2012-2013 оқу жылынан 5В060200-Информатика (жаратылыстану бағыты) мамандығына  арнайы пәндер ағылшын тілінде оқытылды. Атап айтқанда, «Дискретті математика», «Информатиканың теориялық негіздері», «Программалау», «Алгоритм және берілгендер құрылымы», т.б. пәндер бойынша студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алды.

2013-2016 жылдар арасында кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., профессор С.Үсенов басқарды.

2016-2017 оқу жылында «Информатика» кафедрасының негізінде «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі-техника ғылымдарының кандидаты А.О. Дәуітбаева басқарды.

2016-2017 оқу жылында  магистратураға тұңғыш рет 12 магистрант (бейіндік бағыты бойынша) ағылшын тілінде оқуға мемлекеттік білім грант негізінде қабылданып, магистрлік жобаларын ағылшын тілінде қорғап шықты.

Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының 2016 жылғы  рейтингі (НААР) нәтижесі бойынша  5В011100- Информатика мамандығы 2 орын, 6М011100- Информатика мамандығы 3 орын иеленген.

2016 жылы  педагогика ғылымдарының докторы С.С.Үсенов, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.Ж.Ибрагимова Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен марапатталды. Сонымен қатар  С.С.Үсенов Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды.

Барлық бакалавриат мамандықтарына «Информатика» пәнінің орнына «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәні ағылшын тілінде жүргізілетін болып,  тиісті біліктілік көтеру курстарынан өткен кафедра оқытушылары нәтижелі дәріс беріп келеді.

2018-2019 оқу жылында кафедра меңгерушісі PhD доктор М.Ж.Айтимов тағайындалды.

2018-2019 оқу жылында кафедра оқытушылары  қазан - мамыр  айлары аралығында Ш.Есенов атындағы қордың ұйымдастырылуымен ағылшын тілі курсына қатысып, сертификат алды. Осы қор бойынша кафедраның 4-оқытушысы С.Тоқсанова, Г.Мукеева, Р.Альменаева, Б.Жарменова IELTS емтиханын тапсырды.

2018-2019 оқу жылының екінші жарты жылдығында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі болып п.ғ.к., С.Ш.Тілеубай тағайындалды. 2019-2020 оқу жылында кафедра атауы «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедра Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасымен, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасымен, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Қолданбалы математика және информатика» кафедрасымен тығыз ғылыми-әріптестік байланыс орнатқан.

         Кафедраның ғылыми жұмыстары жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, ақпараттық-коммуникацияны оқыту әдістемесінің әр түрлі бағыттарын қамтиды. 

2019-2020ж.ж. оқу жылында №306 зертханалық кабинетті «Робототехника негіздері»  атауымен атап, жабдықталды.

Кафедра  оқытушылары  Г.И. Мукеева, Р.У. Альменаева, Б.К. Жарменова – 2019 ж. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-не докторантураға түсті. Б.К. Жүсіпбек 2019 ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне, 2017ж. Г.Ш. Мусагулова - Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторантурасына түсті. Кафедра жас оқытушылары А.Р.Тобашев пен С.Б.Нажен 2021-2022 оқу жылында Қорқыт Ата атындағы ҚУ докторантурасына түсті.

2021-2022 оқу жылында мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден БББ 6В01514-Информатика және БББ 7М01514-Информатика 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті. Қазіргі таңда кафедрада 6В01514-Информатика (педагогикалық мұғалімдер даярлау бағыт), БББ бойынша бакалаврлар, 7М01514-Информатика (педагогикалық бағыт), БББ бойынша  магистранттар даярлануда.  

Желтоқсан айында бас оқу ғимаратының №402 ауд. "Информатика саласындағы PhD докторанттары мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық –ACeSYRI" Еуропалық Одақтың Эразмус+ жобасы бойынша жобадан ұтқан жаңадан зертханалық кабинет ашылды. Кабинетте 15 моноблок, 5 ноутбук, интерактивті ТВ панель сабақ үдерісінде пайдаланады.

2023 жылдың 27 сәуір күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында өткен республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, инф-21-1п/я оқу тобының студенттері Турусбек Ерасыл, Барзуев Ахмаджон ІІ орын иеленді. Жетекшісі С.Ш.Тілеубай. 

2024-2025 оқу жылында материалдық база жаңаланып, 6 оқу ғимаратындағы 214-««STEM 3D моделдеу» зертханасы» 215-««Білім берудегі цифрлық технологиялар» дәрісханасы», 216-«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» зертханасы, 217-3D принтинг және  Аддитивті технологиялар зертханасы, 220- «VR/AR» зертханасы зертханалары ашылды.

2024ж. 28 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 8D015 -Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D011300/ 8D01513 - Биология) және 8D051 - Биология және сабақтас ғылымдар (6D060700/ 8D05101 - Биология) бағыттары бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «8D01517 - Биология» білім беру бағдарламасы бойынша «Биология мұғалімдерін даярлауда мобильді технологияларды қолдану негізінде кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру» тақырыбында «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі  Альменаева Райхан Умирзаковна докторлық диссертациясын қорғап, философия докторы (РhD) дәрежесін алды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ҚеАҚ базасында 2025 жылдың 25 сәуір күні Республикалық пәндік олимпиада да 14 ЖОО студенттері арасында Турусбек Ерасыл және Есмамбет Исатай жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Жетекшісі: С.Ш.Тілеубай.

Тілеубай С.Ш.- 21100-Компьютерлік ғылымдар және информатика ғылыми бағыты бойынша  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. (26 мамыр, 2025 ж.) Бұйрық №835.

2025ж. 20 қарашада  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 8D015 -Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D011300/ 8D01513 - Биология) және 8D051 - Биология және сабақтас ғылымдар (6D060700/ 8D05101 - Биология) бағыттары бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «8D01517 - Биология» білім беру бағдарламасы бойынша «Формирование эколого-педагогической компетенции в процессе подготовки учителя биологии в вузе» тақырыбында «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі  Жарменова Ботагоз Куанышевна докторлық диссертациясын қорғап, философия докторы (РhD) дәрежесін алды.

2025-2026 оқу жылында «Информатика және АКТ» БББ 8D01514-Информатика шифрымен докторантура ашылып, БББ-ның екі оқытушысы Ақзуллақызы Ләззат пен Жұмаділла Бақытжан докторант атанды.

 

 
 
 
 

Байланыстар


501.png Тілеубай Сарсенкул Шайкамалқызы                 
___________________________________              

Білім беру бағдарламасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

503.png Tileubay@korkyt.kz                                          

 telephone.png    8 775 8489 965 

«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасы

>  Білім беру бағдарламалары төмендегідей мамандықтарды дайындайды:
 
Мамандықты игеру барысында білім алушылар қазіргі бағдарламалық және жүйелік тілдердің бағдарламалау технологиялары  Python, Visual C ++ , C++ Builder, C #, PHP, JAVA, сондай-ақ бейнетехнологиялар, компьютерлік графика және 3D модельдеу Adobe Photoshop CS 6, Adobe Illustrator, CorelDRAW 2021, Corel CAPTURE2021, Virtualbox 6.1, VMWare Workstation 15 PRO, Luminar 4, Movavi Video Editor 20.1 Plus, Autodesk 3Ds Max 2020,  Autodesk 3D Maya берілгендер қоры (SQL Server, Oracle) және глобальды Интернет желісімен жұмыс жасай алады.

Профессор-оқытушылар құрамы

Тілеубай Сарсенкул Шайкамалқызы

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Досжанов Баянәлі Амантайұлы

  • Лауазымы: Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Ибрагимова Нұрайым Жәнібекқызы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Құлмырзаев Нұрлан Серікұлы

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Тоқсанова Света Куптілеуқызы

Альменаева Райхан Умирзакқызы

Остаева Айымхан Батырханқызы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Жарменова Ботагоз Қуанышқызы

Жүсіпбек Ботагөз Күнібекқызы

  • Лауазымы: Информатика магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Асанова Жанна Сексенбайқызы

  • Лауазымы: Информатика магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Айтимов Мұрат Жолдасбекұлы

Жәкіш Айнұр Нышанбекқызы

  • Лауазымы: Информатика магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Мусагулова Гүлнұр Шакизадақызы

  • Лауазымы: Жаратылыстану ғылымдары ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Бисенбаева Жадыра Қалыбайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушысы, информатика магистрі
  • Ақпарат

Бакалбаева Гулшат Аккуловна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Мұратова Гаухар Кұдайбергенқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Серимбетова Эльвира Женисовна

  • Лауазымы: Зертхана меңгерушісі
  • Ақпарат

«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасы

«Білім берудегі цифрлық технологиялар» дәрісханасы


Info-1.jpg Info-2.jpg

 

«STEM 3D моделдеу» зертханасы


Info-3.jpg Info-4.jpg

 

Физика – математика ғылымдарының кандидаты, профессор  Оралхан Камардинов атындағы мультимедиалық зертхана


Info-5.jpg

 

«Робототехника негіздері» зертханасы


Info-6.jpg Info-7.jpg

 

«Еуропа Одағының Эразмус+ бағдарламасы ACeSYRI жобасының орталығы»


Info-8.jpg Info-9.jpg

 

216- «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» зертханасы


инф3.png инф4.png

 

217- 3D принтинг және  Аддитивті технологиялар зертханасы


инф5.png инф6.png

 

220-«VR/AR» зертханасы


инф1.png инф2.png

«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының қабылдау комиссиясы


Бакалавриат: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Магистратура және докторантура: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Қабылдау уақыты 
Дүйсенбі - жұма сағ. 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі 

korkyt_ata_university - Instagram талапкерлерге Қорқыт Ата университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға болады.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...