«Философия және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» секциясы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Философия және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» секциясының тарихы

«Философия және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» білім беру бағдарламасы  университетіміздің  әлеуметтік – ізгілендіру пәндер білім беру бағдарламалары ішінде өзіндік орны, тарихы мен тағылымы, берік дәстүрі бар іргелі  ұжымдарының бірі.
1998 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті  мен Ыбырай Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының бірігуі нәтижесінде философия және мәдениеттану кафедрасы құрылды. 1998 жылдан 2004 жылға дейін философия және мәдениеттану кафедрасына философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Қожамберлиев, 2004-2006, 2008-2012 жылдары ақпан айының ортасына  дейін кафедраға философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.Қ. Құлбашева, 2012-2020 жылдары философия ғылымдарының кандидаты  О.Б.Бермаханов жетекшілік жасады.
 
Миссия мен стратегия

Білім беру бағдарламасының атауы өзгергенмен, ұжымның іргелі бағыт-бағдары қоғамда дүниеге деген көзқарасты, рухани құндылықтарды дамыту, ғылыми әлеуметтік-гуманитарлық мәдениеттің жоғарғы үлгісін жаңа жағдайға лайықтап қалыптастыру міндеті өзекті болып қала береді. Білім беру бағдарламаларының қазіргі меңгерушісі-2020 жылдан бастап кафедраны PhD Ж.О.Әбікенов басқаруда. Білім беру бағдарламалары 1 философия докторы, 6 ғылым кандидаты, 1 PhD доктор, 4 ғылым магистрі қызмет атқарады.
Философия және мәдениеттану білім беру бағдарламасының ОПҚ  қазіргі таңда бакалавриатқа философия, мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану, магистранттар үшін ғылым философиясы және тарихы, құқықтану мамандығына логика пәндерін жүргізеді.
Білім беру бағдарламасының негізгі ғылыми бағыты-Қазақстан қоғамының рухани, гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерін зерттеу, дәстүрлі қазақ философиясы және оның заманауи Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін зерттеу.
Доцент, философия ғылымдарының кандидаты Ғ.Қ.Құлбашева, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Т.Әбдіраманова әлемдік және дәстүрлі қазақ мәдениеті мәселелерін зерттеумен шұғылданады.
Дәстүрлі қазақ философиясына қатысты мәселелерді философия ғылымдарының докторы, профессор Б. Қожамберлиев, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамдық мәселелерді философия ғылымдарының кандидаты О.Б.Бермаханов, жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастыруда тілдік үдерістердің рөлі туралы А.С.Жанбатыр, құқықтық сана мәселесін философия ғылымдарының кандидаты Б.М.Әпенов зерттейді.
Сыр өнірінің мәдени құндылықтар үдерісіндегі мәдени-әлеуметтанулық мәселелерді Ж.О.Әбікенов, шетелдердегі қазақ диаспораларының қалыптасу тарихын Е.М. Абенов зерттейді. Қазіргі Қазақстанның ұлттық идеясы мен жастар саясатын зерттеумен Н.Р.Нурпейсова, Э.У. Ильясова, С.Е.Сахиев, М.Б.Сыздықова, Қ.Д Нарымбаев шұғылданады.
Осы бағыттары бойынша білім беру бағдарламасының оқытушылары алыс шетел, ТМД және Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында өз білімдерін жетілдіріп, түрлі халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларға  қатысады.
2020 жылы білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Ж.О.Әбікенов 6D020400-«Мәдениеттану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантура бөлімін тамамдап, «Сыр өңірі мәдени құндылықтарының семиотикалық талдау» атты диссертациясын қорғады. Сондай-ақ, кафедра оқытушысы М.Б.Сыздықова «22.00.04-Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер» мамандығы бойынша Казан федеральді университеттінің докторантура бөлімін тамамдап, «Стратегии трудоустройства выпускников казахстанских вузов в контексте региональной специфики» атты диссертациясын қорғады.
Қазіргі таңда «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» білім беру бағдарламасы ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік жұмыста үлкен тәжірибеге ие. Білім беру бағдарламасының өз аурасы, имиджі және моральдық-психологиялық климаты бар. Сонымен қатар, қызметі басқа білім беру бағдарламасының, институттардың, жалпы университеттің ұжымымен және еліміздің бүкіл ғылыми қоғамдастығымен тығыз байланысты қамтиды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ҚР Білім және Ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты және Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен меморандум жасалғандықтан, білім беру бағдарламасының ғалымдары осы ғылыми институттармен тығыз байланыста.
Осы ғылыми әріптестестік нәтижесінде ғылыми-зерттеу институттардың ғалымдарының қатысумен 2020 жылдың 19-қарашасында «Абайдың философиялық мұрасы» атты онлайн форматтағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясы және 2021 жылдың 16-сәуірде «Әуезхан Қодар және Тәуелсіз Қазақстан гуманитаристикасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, 2020 жылдың 6-мамырында саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Абенов Ербол Мүбаракұлының мерейтойына арналған «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудың әдістерін дамыту мәселелері» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары кезекті біліктілгін арттыру курстары мен семинарларына қатысып отырады.
Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер білім беру бағдарламалары өзінің кәсіби мәртебесін нығайтып, егеменді Қазақстан алдында тұрған міндеттерге сай заманнан қалыспауға тырысады.
 

2023-2029 жылдарға арналған ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Байланыстар


501.png Әбікенов Жарқынбек Оралбекұлы                                   
___________________________________              

Секция жетекшісі, PhD доктор

503.png Abikenov-kuzultam@mail.ru                                                     

 telephone.png    8 777 611 0082    

Профессор-оқытушылар құрамы

Әбікенов Жарқынбек Оралбекұлы

  • Лауазымы: Секция жетекшісі, PhD доктор
  • Ақпарат

Қожамберлиев Баймырза

  • Лауазымы: Философия ғылымдарының докторы, профессор
  • Ақпарат

Кулбашева Галия Касымхановна

  • Лауазымы: Философия ғылымдарының кандидаты. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер доценті.
  • Ақпарат

Абенов Ербол Мүбаракұлы

  • Лауазымы: Саяси ғылымдар кандидаты, доцент
  • Ақпарат

Aпенов Болат Мейрамұлы

  • Лауазымы: Философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Әбдіраманова Айгүл Темірханқызы

  • Лауазымы: Философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Махамбетова Мария Алиевна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Жанбатыр Амангелді Сапабекұлы

  • Лауазымы: Гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Ильясова Элмира Умирзаковна

  • Лауазымы: Әлеуметтік ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Нурпейсова Нурсулу Рахимжановна

  • Лауазымы: Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Сахиев Саулет Ерназарович

  • Лауазымы: Саяси ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Сыздыкова Мақпал Бархияқызы

  • Лауазымы: Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат
TUT NEWS BY CATEGORY

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...