«Физика және математика» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Физика және математика» білім беру бағдарламасының тарихы

Физика және математика кафедрасына 2012-2020 жылдары т.ғ.к., доцент Б.Қалиев жетекшілік жасады, ал 2020-2021 оқу жылынан бастап кафедраны п.ғ.к., аға оқытушы Л.Каинбаева басқаруда. Кафедра құрамында соңғы  10 жылда профессор-оқытушылар Б.Абдикаримов, Н.Абдрахманов, А.Қоныс, А.Сейтмұратов, Б.Тұрбаев, П.Сапарходжаев, Т.Жайсаңбаев, В.Серікбаева, Д.Жарылгапова, А.Алмағамбетова, Т.Аймуратова, С.Меңліқожаева, А.Ибраева, А.Жүзбаева, З.Ергалауова, Г.Ешмұрат, Н.Исаева, Ә.Бекхожаевалар ұстаздық қызмет атқарды.

Кафедра математика (бакалавр, магистратура, докторантура), физика (бакалавр, магистратура, докторантура), «математика-информатика» - бакалавр, «физика-информатика» - бакалавр білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.

2017 жылы қараша айында кафедра базасында қазақ ССР ҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Д.Таймановтың 100-жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» атты екінші халықаралық ғылыми Тайманов оқулары өткізілді. Конференция аясында РФ Новосібір мемлекеттік университетінің профессоры Д.Е.Полчунов кафедра білім алушыларына дәріс оқыды.
2018 жылы кафедра профессоры Ә.Тажмағанбетовтың 90-жылдығына арналған «Жаңа мазмұнды білім беру жағдайында оқу-тәрбие процессін математиканың пәнаралық байланыстары негізінде жетілдіру» атты ғылыми тәжірибелік конференция өткізілді, ғалымның атына берілген дәрісхана жаңадан жабдықталды. Осы жылы университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен профессор Қ.Жаңабергеновтың атындағы жаңа кабинет ашылды.

2017-2018 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кафедра білім алушылары А.Ахатай, К.Көшеков, Т.Аякөзова, Г.Садуақасовалар Польша Республикасы Лодзь университетінде білімін жетілдірді. 
2021 жылы 15 қаңтарда Қорқыт Ата атындағы ҚУ мен Дубна мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы Білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық және халықаралық байланыстарды дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде 2021 жылдың 18 наурызында оқытушылар мен магистранттардың сыртқы академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру үшін 7М01512 – «Физика»  БББ бірлескен оқу жоспары құрылып, бекітілді. Меморандум негізінде 2021жылы университетінің профессоры,ф.-м.ғ.д В.С.Мележик,2022ж профессор,ф.-м.ғ.д Ю.Л.Калиновский, доцент, ф.-м.ғ.к. С.М.Доркин 7М01510 - Математика білім беру бағдарламасы бойынша, 7М01582- «Физика» білім беру бағдарламаларының магистранттарына теориялық курстар жүргізді. 2022ж 21.03-31.03 аралығында кафедраның 10 магистранты шетелдік тағылымдамадан  Дубна университетінде өтті.

Қазіргі уақытта БББ  бойынша білім алушылар жыл сайын республикалық пәндік олимпиадаларға қатысады және жүлделі орындарды иеленуде. Тек 2020, 2021 жылдардағы нәтижелер келесідей болды: 5В011000 - «Физика» мамандығы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасында ХІІ Республикалық пәндік олимпиадада  жүлделі 3-ші орын үшін диплом, (Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. С. Аманжолов, сәуір, 2021 ж.,) Ф-18-1 тобының студенті Жексенұлы Б.; математика пәні бойынша ХІ Республикалық пәндік олимпиадада (Талдықорған қаласы, 2020жылы) жеке есепте 2 орын иеленгені үшін Қожатай Б арнайы дипломмен марапатталған;  МИ-20-1 тобының  студенті Мақашова.А. ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Республикалық ғылыми жобалар байқауында 1орын, М-20–1м тобының магистранты М.Б.Базарбаева математика бойынша республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында 3-орын алды,Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Ф-19-1м тобының магистранты Әлиакбар Е. - «Үздік жас ғалым-2020» атағын иеленді.
2022 жылы Математика пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиядада топтық бойынша (М-18-1 тобының студенті Қандыбек Айжан, М-20-1 тобының студенттері Берік Дастан, Жарылқасын Ұлан) 3-ші орынға ие болса,ал Берік Дастан жеке есепте 2-ші орын алды.

2021-2022 оқу жылында дуалды оқытудың оқу үдерісіне енгізілуіне байланысты 2021 жылдың сәуір айында студенттер мен магистранттардың, сондай-ақ оқытушылардың ауызша сауалнамаларының көмегімен "Математиканы оқыту әдістемесі" және "Физиканы оқыту әдістемесі"пәндерін жүргізу үшін қаланың үздік мұғалімдерін таңдады. Олар: математика пәнінің мұғалімі, педагог – зерттеуші, №15 мектеп-лицейінің мұғалімі, Жамишов Балтабай. Сондай-ақ, №15 мектеп-лицейінің мұғалімі Сәрсенбаева Жанкия, «Педагогикалық шеберлік орталығының» тренері, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Жаксылыкованы тарту туралы шешім қабылданды. 

Кафедраның филиалдары Назарбаев Зияткерлік мектебі, И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі.А.Бисенов атындағы  №38 орта мектебі, Еркін Әуелбеков атындағы    № 4 дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарында жұмыс жасайды.

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша «Математика педагогтарын даярлау» магистратура мен докторантура білім беру бағдарламалары IAAR рейтингісіне қатысып ЖОО арасында 1-ші орынға ие болды.
2023 жылдың қорытындысына сәйкес «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР ҒЖБМ-ң рейтингісі бойынша БББ-ң В009-Математика мұғалімдерін даярлау БББ-ң 1-ші орынды иеленді.
 

Байланыстар 

501.png Каинбаева Лариса Сағитжанқызы                               
___________________________________              

Білім беру бағдарламасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты

503.png Kainbaeva_L@korkyt.kz                                                  

 telephone.png    8 707 284 1875     

«Физика және математика» білім беру бағдарламасы

 > «Физика және математика» білім беру бағдарламасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:
Бакалавриат
6В01510(5В010900) - Математика
6В01511- Математика информатика
6В01582(5В011000) - Физика
6В01513 - Физика-информатика
Магистратура
7М01510(6М010900) - Математика
7М01512(6М011000) - Физика
Докторантура
8D01510 - Математика
8D01511- Физика

Профессор-оқытушылар құрамы

Каинбаева Лариса Сагижановна

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Калиев Бакыт Калиевич

  • Лауазымы: Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
  • Ақпарат

Сейтмұратов Аңғысын Жасаралұлы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор м.а.,университет профессоры
  • Ақпарат

Ибраева Анар Абдукаримовна

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Менлихожаева Саулеш Койлыбаевна

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.
  • Ақпарат

Шералы Шапатайұлы Ибраев

  • Лауазымы: Физика-математика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Енсебаева Гульзат Муратбековна

  • Лауазымы: Механика мамандығы бойынша Философия докторы (PhD)
  • Ақпарат

Қарабала Тоғжан Маратқызы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
  • Ақпарат

Жарылгапова Дина Муратовна

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Ерғалауова Зинегүл Алданиязқызы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Алмағамбетова Айгүл Алдажарқызы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Ғаниулла Әлия Ғаниуллақызы

Әбітаева Ұлбосын Әбдіқаппарқызы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
  • Ақпарат

Сапарходжаев Пажарбек Ыбырайұлы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
  • Ақпарат

Парменова Манат Жақсылыққызы

Ешмұрат Гүлнұр Қуанышқызы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Аймұратова Торгын

Абдикаримов Бақытхан Жүнайдұлы

  • Лауазымы: Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
  • Ақпарат

Әжібеков Айдос Қазбекұлы

Нақыпбек Жеңісбек Ерғазыұлы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Аманбаева Мадина Куанышевна

Төлеков Досжан Алтайұлы

  • Лауазымы: Техника ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Шайықислам Әсия Нұрдәулетқызы

  • Лауазымы: Жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

«Физика және математика» білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасы

МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

«Физика и математика» Білім беру бағдарламаларына қарасты 332 орынға есептелген 14 аудитория, 100 орындық 1 оқу залы, 2 компьютерлік сынып, 1 тьюторлік сынып, 4 мультимедиялық кабинеттері.
 

Арнайы кабинеттер мен зертханалардың атаулары

Шаршы м.

201- «Радиотехника» зертханасы

37,10

202- «Астрономия» зертханасы

23,6

203- «Компьютерлік физика» зертханасы

62,4

205- Дәріс оқуға арналған  аудитория

62,4

206- «Мектеп эксперименті техникасы» зертханасы

62,4

212- «Механика және молекулярлық физика» зертханасы

64,5

216- Компьютерлік сынып

42,5

215- Оқу дәрісханасы

95,7

218- «Оптика және атомдық физика» зертханасы

63,9

219- «Электр және магнетизм» зертханасы

63,9

107- Оқу дәрісханасы

57,6

109- «Электротехника» зертханасы

90,5

110- Оқу дәрісханасы

64,8

 

Кабинеттер заманауи оқу жиһаздарымен, компьютерлік техникамен, дәстүрлі және интерактивті тақталармен, стендтермен, зертханалық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.
ЭДВАЙЗЕРЛЕР: аға оқытушы, п.ғ.к Алмағамбетова Айгул Алдажарқызы, аға оқытушысы, п.ғ.к Ибраева Анар Абдикаримовна, оқытушы, п.ғ.м Ешмұрат Гүлнұр Қуанышқызы
 
WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.20.59 (2).jpeg WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.20.59.jpeg WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.21.00.jpeg
WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.21.00 (3).jpeg WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.21.00 (2).jpeg WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.21.00 (1).jpeg
WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.20.59 (1).jpeg WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.20.58.jpeg  
 
 

«Физика және математика» қабылдау комиссиясы

Бакалавриат: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Магистратура және докторантура: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Қабылдау уақыты 
Дүйсенбі - жұма сағ. 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі 

korkyt_ata_university - Instagram талапкерлерге Қорқыт Ата университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға болады.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...