Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызылордалық білім алушылармен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 желтоқсан 2023
  • 1184

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызылордалық білім алушылармен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс келді.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекет» акциясы шеңберінде ЖОО-да өткен қалалық университеттер арасындағы кейс-чемпионатқа қатысып, жеңімпаздарға диплом табыстады.

199.jpeg

200.jpeg

25 караша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні мен 10 желтоқсан – Халықаралық Адам құқықтары күніне орай Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы жыл сайын халықаралық науқан өткізеді.

Дидье Канесс бұл шараның маңыздылығына тоқталып, адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру өте өзекті екенін атап өтті.

202.jpeg

Кейс-чемпионатқа өңірдегі 3 ЖОО-ның студенттерінен құралған 8 команда қатысып, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша зерттеулерін және ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаевамен кездесіп, өзара әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.

201.jpeg

203.jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...