Білімнің цифрландырылуы – білім беру қатынастарындағы өзгерістер триггері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 желтоқсан 2023
  • 1022

Білімнің цифрландырылуы – білім беру қатынастарындағы өзгерістер триггері

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Білімнің цифрландырылуы – білім беру қатынастарындағы өзгерістер триггері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Шараны «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» БББ ұйымдастырды.
Ауқымды шарада білім берудегі цифрландыру жүйесі, жаңа педагогикалық технологиялар туралы кеңінен айтылды.

204.jpeg
–    Білім беру кеңістігінің алдына қойылған жаңа міндеттер қазіргі кезеңде ғылыми жобаларды іске асыруды және практикалық ұсыныстарды әзірлеуді талап етеді. Бүгінгі семинарда цифрлық білім берудің инновациялық мәселелері, білім беру қатынастарында цифрлық құралдарды тиімді пайдалану мүмкіндіктері мен идеялары талқылануы маңызды мәселе. Қазіргі кезеңде ғылыми ақпараттың үлкен массивтері қол жетімділігі және жаңа коммуникативтік мүмкіндіктердің пайда болуы кәсіби даму тұрғысынан көптеген міндеттерді жүктейді. Осыған орай цифрлық дәуірдегі ғылыми білімді меңгеру, өзгермелі технологиялық құрылымнан қалыс қалмау міндеті өзекті болып отыр, – деді Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі - проректор Дана Абдрашева.

205.jpeg

Семинарда педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Педагогика және психология институтының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі директор орынбасары Марфуға Абсатова, философия докторы (PhD), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті, «Болашақ» стипендиаты Мұрат Махамбетов, педагогика ғылымдарының кандидаты, Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің бастауыш білім беру педагогикасы және психологиясы кафедрасының доценті, бастауыш білім беру факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Оксана Сорока, Ресей, Татарстан Республикасы, Набережночелны мемлекеттік педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Арнайы дефектология және психологиялық - педагогикалық білім беру» кафедрасының доценті Фируза Хазратова және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шарбан Майгельдиева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Рабига Игенбаева баяндама жасады.
Айта кету керек, семинарға профессор-оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.


Қ
орқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...