Aкадемиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс жүргізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 желтоқсан 2023
  • 962

Aкадемиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс жүргізді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде құқық бағытында білім алатын студенттерге сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Ташкент мемлекеттік заң университеті, Азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты  Лейла Бурханова «Азаматтық құқық» курсы бойынша дәріс жүргізді.

206.jpeg

Дәрісте құқық саласының маңыздылығы, заңнамаға енген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылып, Ташкент қаласында студенттермен бірге дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Университет студенттері екі ел арасындағы ерекшеліктерге байланысты сұрақтарына жауап алды.

Университетте құқық бағытында білім алатын студенттерге ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасұлов «Конституциялық құқық» бойынша мазмұнды дәріс жүргізді.

Ғалым – 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы.

Сондай-ақ, студенттерге ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық институты, Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты  Несібелі Калкаева «Қылмыстық құқық» курсы бойынша мазмұнды дәріс оқыды.

Ғалым – 130-ға жуық ғылыми еңбектің авторы, «ҚазҰПУ хабаршысы», «Юриспруденция» сериясы журналының жауапты хатшысы.

207.jpeg


Қ
орқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...