Шәкәрім Құдайбердиевтің 165 жылдығына арналған "Абай елі-руханият мұрасы" форумы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 қараша 2023
  • 722

Шәкәрім Құдайбердиевтің 165 жылдығына арналған "Абай елі-руханият мұрасы" форумы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» БББ-ның жанындағы Ә.Қоңыратбаев атындағы үйірменің ұйымдастыруымен ХХ ғасырдың бір тума перзенті Шәкәрім Құдайбердіұлының туылғанына 165 жылдығына орай «Абай елі-руханият мұрасы» тақырыбында форсайт-форум өткізілді. Модераторы Ақылбек Диляра. Ұлы ақын өлсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Сондықтан да «Шәкәрім өмірбаянын зерттеудегі тың деректер», «Шәкәрім шығармашылығындағы дін мәселесі», «Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрі», «Шәкәрім дүниетанымындағы таза мінсіз адам мәселесі», «Шәкәрімнің Әділ-Мария» романы», «Еңлік-Кебек дастанындағы ұлттық сана мәселесі» төңірегінде магистранттар мен білімгерлер ой бөлісіп, пікір жарыстырды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманында қазақ тарихының үлкен білгірі, шебер аудармашы, ұлы гуманист болғанын байқауға болады. Шәкәрімнің аудармалары жөнінде Тынысбеков Еркебұланның , «Абай және Шәкәрім» жайында Мустафаева Гүлжанның, оның тарихи еңбектері «Үш анық», «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі»жайындағы  Жақсылықова Дариғаның  тұжырымдары көңілге қонды.

БББ жетекшісі Ә.Алмауытова  Шәкәрім шығармашылығындағы ар-ождан жайлы өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар кездесуде Түркия мемлекетінің профессоры Х.К.Ченгел Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік Кебек» дастарының тарихи шындығы жайлы айтып, бүгінгі күні маңыздылығына тоқталды. Шәкәрімді алаш ардақтысы ретінде білетіндігін айтып «Жастарға» өлеңін жатқа оқыды. Кешті үйірме жетекшісі А.Айтбаева қорытындылады. Шәкәрім әндері орындалды. Форсайт-форум барынша тартысқа толы пікірлермен толықты.

WhatsApp Image 2023-12-05 at 13.03.56.jpeg WhatsApp Image 2023-12-05 at 13.04.10.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...