Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті әлемнің тұрақты университеттері UI GREENMETRIC 2023 рейтингісіне енді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 желтоқсан 2023
  • 985

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті әлемнің тұрақты университеттері UI GREENMETRIC 2023 рейтингісіне енді

2023 жылғы 5 желтоқсанда UI GreenMetric World University Rankings – жоғары оқу орындарының тұрақты дамуының жыл сайынғы әлемдік рейтингінің нәтижелері жарияланды. Биыл тізімге әртүрлі елдерден 1183 оқу орны, оның ішінде Қазақстанның 18 жоғары оқу орны қатысқан болатын. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті алғаш рет UI GreenMetric әлемдік рейтингіне қатысып, беделді тізімде 1015 орынға тұрақтады.

Индонезия университеті (UI) 2010 жылы университеттердің Дүниежүзілік рейтингін бастады, ол кейіннен UI GreenMetric (UI GreenMetric World University Rankings) университеттердің Дүниежүзілік рейтингі ретінде белгілі болды. Рейтинг жоғары оқу орындарының тұрақты даму деңгейін, университет кампустарының тұрақтылығын сақтау жөніндегі мүмкіндігін бағалауға арналған. Жыл сайынғы UI GreenMetric World University Rankings-ке тұрақтылық идеяларын ұстанатын әлемдегі барлық университеттер қатыса алады.

Жоғары оқу орындарының қызметі алты санат бойынша бағаланады: қоршаған орта және инфрақұрылым; энергияны тиімді пайдалану және климаттың өзгеруіне әсері; қалдықтарды қайта өңдеу; су ресурстарын ұтымды пайдалану; көлік саясаты; білім беру және зерттеу. UI GreenMetric - ке қосылу университеттерге бірқатар артықшылықтар береді. Ең алдымен, бұл тұрақты даму көшбасшысының мәртебесі, сондай-ақ қызметті интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастықты жолға қою мүмкіндігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің осындай көрсеткіштерге қол жеткізуі университеттің 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму стратегиясының және бүкіл ұжымның мақсатты жұмысының арқасында жүзеге асырылады.

Біз қоршаған ортаға ұқыпты қарау біздің үлкен қоғамдастықтың – студенттердің, ПОҚ, қызметкерлердің күнделікті мәдениетінің бір бөлігі болуы керек екенін түсінеміз. Университет қоршаған ортаны сақтау үшін болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті мойындайды және ғылыми зерттеулер мен студенттік бастамалармен ғана емес, сонымен қатар жеке  өзі  үлгі болу арқылы аймақ пен елдің тұрақты дамуын қолдауға дайын.

Университет ұжымы мен білім алушыларын осы жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...