Корейтану апталығы: Білім алушылар жүлделі оралды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 желтоқсан 2023
  • 825

Корейтану апталығы: Білім алушылар жүлделі оралды

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде корейтану пәнінің V апталығы өтті. Бұл шара Кореядағы Чунан университеті, Қазақстандағы Корея Республикасының Консулы, Алматы Корей білім беру орталығы, Қазақстандағы Корей компанияларының қауымдастығы, Корей қоры және корейтануды насихаттау қызметінің (AKS) қолдауы арқылы жүзеге асырылды. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан,Өзбекстан,Әзірбайжан,Грузия және Корея мемлекеттерінен 120 адам қатысты. 

image_123650291 (3).JPG

image_50426369.JPG

image_50422529.JPG

Іс-шараның бірінші күні ТМД елдері арасындағы сегізінші корейтану академиялық конференциясында 22 қатысушы өз жұмыстарын көрсетті. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушысы Ақерке Дастанқызы корей тілінің “Hangeul” жазу жүйесі туралы зерттеу жобасын қорғады. Сондай-ақ, кәріс тілі жазу жүйесінің тарихын, оның құрылымы және шығу тегі “Hunminjongeum” туралы зерттеу ұсынды.

Екінші күні ТМД елдерінің 13 –Олимпиадасының спикерлер сайысы бойынша 26 университеттен білім алушылар сөз сөйледі.

Байқауға университетіміздің студенті Нұрайым Сабыр қатысып, «Саяхат» тақырыбында баяндама жасады.

Сайыс қорытындысы бойынша, Нұрайым Сабыр 6 мемлекеттен келген 26 студентті басып озып, ІІІ орын иегері атанды. 

Аталған шара студенттердің академиялық зерттеу және кәріс тілінде сөйлеу қабілеттерін дамытуға керемет мүмкіндік болды. 

image_50427905.JPG

46544646.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...