Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ботаникалық бақтың директоры бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 желтоқсан 2023
  • 1330

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ботаникалық бақтың директоры бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Ботаникалық бақтың директоры білуі тиіс: «Ботаникалық бақ» жұмысына қатысты заңдар, қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, стандарттар мен басқа нормативтік және әдістемелік құжаттарды; Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық саясатының стратегиялық бағыттары жүйесін; Университет ғалымдарының іргелі және қолданбалы зерттеулерінің басым бағыттарын; еңбек заңнамалығы негіздерін және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды; ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізу тәртібін, әзірленімдерді жаңа инновациялық технологияларды игерудің салалық жоспарларына енгізуге ұсыныстар дайындауды; ғылыми құжаттаманы жасау, рәсімдеу тәртібін; келісімшарттарды жасау және орындау тәртібін; еңбек қорғау, ҚТ, өндірістік  санитария мен өрттен сақтану ережелері мен нормаларын.  

Ботаникалық бақтың директорының біліктілік талаптары:  Тиісті мамандық бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Ғылыми дәрежесі болған, докторантураны бітірген және тағылымдамадан өткен жағдайда-жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.12.2023 ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, HR қызметі, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: адами ресурстарды басқару басқармасының басшысы 8(7242)27-86-28.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...