Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 желтоқсан 2023
  • 1139

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Қазақ филологиясы» мамандықтарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру, білім алушыларды Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

IMGL2821.jpg

Байқау барысында студенттер  «Сыбайлас-жемқорлық - қоғамға жат құбылыс» тақырыбында бейнесюжет дайындап, сыбaйлaс жемқорлыққa қaрсы іс-қимылға байланысты жағдайатық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында қабырға газетін шығарды.

Сайыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Мұрат Сейтжаппар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - офицері Әлібек Жаппасбаев, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Ерлан Алтаев қатысушылардың жұмысын бағалады.

Нәтижсінде «Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша ФИЛ-22-1 оқу  тобының «Antikor» командасы ІІІ орын, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша АЯ-22-9  оқу  тобының «Law and justice»  командасы ІІ орын иеленді.

IMGL2817.jpg

IMGL2877.jpg

Жүлделі І орын АЯ-22-7  оқу  тобының «Antikor Live» командасына бұйырды.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болғандар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ашиков Асылхан Амангелдіұлы мен Басқарама мүшесі - әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Базартай Жандос Нұртайұлының Алғыс хаттарымен және дпломдармен марапатталады.

Шараны «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Муйденова Алия Қалжанқызы ұйымдастырды.

IMGL2961.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...