Университетте «ECO AIR» ЖШС қызметкерлері біліктілігін арттырды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 желтоқсан 2023
  • 1047

Университетте «ECO AIR» ЖШС қызметкерлері біліктілігін арттырды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру» орталығы «ECO AIR» ЖШС-пен оқыту келісімшарты негізінде біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Курс «Шикізатты, өнімді және қоршаған орта объектілерін талдаудағы газ және аса жоғары жиілікті сұйықты хроматография» бағдарламасы бойынша өткізілуде.

Қатысушылар бағдарламаны игеру нәтижесінде әртүрлі органикалық заттарды анықтаудың заманауи хроматографиялық әдістері, күрделі органикалық молекулаларды зерттеу және қазіргі заманғы талдау әдістері бойынша білімін жетілдіреді.

Біліктілікті арттыру курсында «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың бас ғылыми қызметкері, профессор-зерттеуші Нұрбол Аппазов, «Талдаудың физика-химиялық әдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың ғылыми қызметкері Динара Ниязова тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен катар, қатысушыларға ғылыми зерттеу жұмыстары мен зертханалар таныстырылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...