Білім сайысының жеңімпаздарына университет гранты табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 желтоқсан 2023
  • 952

Білім сайысының жеңімпаздарына университет гранты табысталды

Қызылорда облыстық білім басқармасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, облыстық «Qyzylorda» телеарнасы бірлесіп ұйымдастырған «Зияткер» облыстық телевизиялық білім бәйгесінің финалдық кезеңі өтті.

Телевизиялық білім сайысының қорытынды кезеңіне Қызылорда облысының аудандары мен қаласынан оқушылар қатысып, бақ сынады. Білім додасында еліміздің және шет елдердің тарихы, мәдениеті, экономикалық жағдайына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, логикалық тапсырмалар берілді.

208.jpg

209.jpg

Сайыстың нәтижесі бойынша І орынды Қазалы ауданы Е.Бозғұлов атындағы №249  мектеп-лицейінің оқушысы Батырхан Мадияр жеңіп алса, ІІ орын Қызылорда қаласы С.Лапина атындағы №261 орта мектебінің оқушысы Әмір Ізбасарға бұйырды. Ал ІІІ орынды Қазалы ауданы Е.Бозғұлов атындағы №249  мектеп-лицейінің оқушысы Олжабай Мадияр иеленді.

Байқаудың финалдық бәсекесіне облыстық «Дарын» оқу орталығының директоры Баян Бақытжанқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова мен облыстық «Qyzylorda» телернасының телеарнасы бас редакторының орынбасары Бекзат Есқали қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Сондай-ақ, жеңімпаз болып танылған үш үздік қатысушыға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тегін білім гранты табысталады.

210.jpg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...