Араб тілі күніне орай мерекелік шара өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 желтоқсан 2023
  • 1265

Араб тілі күніне орай мерекелік шара өтті

Бүкіләлемдік Араб тілі күніне орай университетімізде «Араб тілі - менің тілім, берекем!» (العربية لغتي و بركتي) атты іс-шара өткізілді. Танымдық кешті «Шетел тілдері және аударма» БББ араб тілі пәнінің оқытушылары мен білім алушылары ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шарада Сыр бойындағы арабистиканың негізін қалаушы аға оқытушы Шолпан Баймаханова араб тілі 1989 жылы шетел тілі ретінде Қазақ тілі мен Тарих мамандықтарында оқытылғанын атап өтті. Сондай-ақ, 1990 жылы  «Араб тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі» біліктілігін беретін жаңа мамандықтың ашылғаны, Қызылорда қаласындағы араб тілінің тарихы жайлы қызықты деректерге тоқталды.

213.jpeg

Мереке барысында араб халқының мәдениеті, тарихы, ұлттық тағамдары мен киімі жайлы айтылып, араб тілінде көріністер қойылды, ән шырқалып, би биленді, араб шайырларының өлеңдері оқылды. 
Араб кофесінің дайындалу жолы көрсетіліп, кеш қонақтары мен студенттерге дәмі тіл үйірер «Мақлюба», «Әл-Кәбсә», «Қатаиф», «Мәнәқиш» тағамдары ұсынылды.
Арабтың ұлттық киімдерін киген студенттер олардың арабша атауын түсіндіріп кештің көркін аша түсті. 
Кеш соңында алғаш ашылған «Араб тіл» мамандығының түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнұр Камишева сөз сөйлеп, араб тілін үйренудің маңыздылығына тоқталды.

214.jpeg

215.jpeg

Шетел тілдері және аударма БББ қауымдастырылған профессоры, РһD Құндызай Аубакирова араб тілі Қасиетті Құран тілі екеніне мән беріп, студенттерге ізгі тілектерін білдірді және араб тілінде сұрақтар қойды. Студенттер жарыса жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Құндызай Қыдырбайқызы кеш жүргізушілеріне арнайы Мысырдан әкелген папирустар тарту етті.
Танымдық кештен рухани азық алған білім алушылар түрлі номинациялар бойынша  марапатталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...