Ақпараттық хат
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 маусым 2022
  • 2395

Ақпараттық хат

2022 жылғы 18 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жыл сайынғы республикалық студенттік Стипендиялар байқауы басталды. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасының талантты студенттері арасында алғаш рет конкурс 2010 жылы өткізілді және осы уақыттан бастап 799 адам стипендиат атағына ие болды. Стипендиялық бағдарламаның мақсаты-белсенді дарынды жастарды анықтау және қазақстандық студенттердің оқу, ғылыми,шығармашылық және қоғамдық пайдалы қызметін ынталандыру.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиясының иегері болу үшін үлгерімнің жоғары көрсеткіштері ғана жеткіліксіз. Жастардың таланттары мен әлеуетін ашуға арналған жобалар мен бағдарламаларға қатысу және жеңіске жету де маңызды. Олардың ішінде: конференциялар, форумдар, жарыстар, байқаулар, сөз сөйлеу, волонтерлік акциялар және т. б.

Бір қызығы, стипендияға ақылы да, ақысыз негізде де оқитын студенттер үміткер бола алады. Қордың стипендиялары дербес болып табылады және жалпыға бірдей белгіленгендерден басқа төленеді, яғни конкурсант өзге де гранттық және стипендиялық бағдарламалардың иегері бола алады.

Өтініш жасамас бұрын, тағайындау ережелерімен мұқият танысу ұсынылады. Олар төменде орналасқан.
Қағидалар мен өтінім нысанын Қор сайтынан жүктеп алу :

рус https://fnn.kz/ru/competition/61 
қаз https://fnn.kz/kz/competition/61

Құжаттар мына мекенжайға жіберіледі: 
Қазақстан Республикасы, 050059 (A15M2B6), Алматы қ., М. Ганди к-сі, 10. 
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 
Анықтама үшін байланыс:
* Жоғары оқу орындарының студенттері үшін – roza@fnn.kz (Едігеева Роза Мақашқызы).
* "Өнер және мәдениет" бағыты бойынша оқу орындарының студенттері үшін - tismailov@fnn.kz (Исмаилов Тимур Мұратұлы).

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...