Университетте демеушілер есебінен он алтыншы дәрісхана ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 желтоқсан 2023
  • 715

Университетте демеушілер есебінен он алтыншы дәрісхана ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Дүйсен Нұрымов атындағы дәрісхана ашылды. 

Шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан еңбегі елеулі екенін атап өтті.

Университеттің дамуына, болашақ мамандардың сапалы білім алуына зор үлес қосқан қадірлі ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында олардың атына мамандандырылған дәрісхана ашу университетімізде дәстүрге айналып келеді. Бұл – игілігі мол, рухани, үлгі тұтарлық дәстүрлі шара.

IMGL4400.jpg

IMGL4549.jpg

Ғалымның күрделі экологиялық жағдайда жемшөп өндіру жүйесін дамытудың көкейкесті мәселелеріне және жоғары оқу орнына арналған 80-нен аса ғылыми еңбегі және 4 монографиясы жарыққа шыққан.

Сонымен қатар, Дүйсен Егенұлы «Ауылшаруашылық тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі» (2002), «Ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау» (2005), «Көпжылдық шөптер» (2010)  деп аталатын 3 оқулық және 50 әдістемелік нұсқаулықтың авторы.

Дүйсен Нұрымов ұлағатты ұстаз ретінде жоғары кәсіби мамандар дайындау мен шәкірт тәрбиелеу ісіне де зор көңіл бөлді. Оның жетекшілігімен 10 аспирант кандидаттық диссертацияларын абыройлы қорғады – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Салтанатты жиында оқу орнының стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін профессордың ұлы Ерлан Нұрымов «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды. Сонымен қатар Дүйсен Егенұлының жары Тілектес Кекілбайқызына құрмет көрсетілді.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, ғалымның туған-туыстары, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Бисенов, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Құрманбек Бәкірұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Қошқаров ғалымның еңбек жолы мен тұлғалық болмысы, өнегелі істері туралы сөз қозғады.

Айта кету керек, Дүйсен Егенұлы 1958 жылы Ташкент ауылшаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, ол Шиелі ауданының бірқатар шаруашылықтарында бас агроном болып жұмыс атқарған.

1962 жылы Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты аспирантурасын тәмамадап, ғылым кандидаты дәрежесіне ие болған.

1962-1992 жылдар аралығында егін шаруашылығына байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Д.Нұрымов көп жылдар бойы Қазақстан ғылыми-зерттеу күріш институтында «Мал азығын өндіру» бөлімін меңгерушісі болып қызмет атқарған.

1993-2009 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ауылшаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасыны меңгерушісі, 2009-2014 жылдары «Ауылшаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасының профессоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы қызметін атқарған.

IMGL4500.jpg

IMGL4620.jpg

Ғалымның 60 жылдан астам жинақталған маңызды, әрі құнды еңбегіне әділ баға беріліп, 1995 жылы Қазақстан Республикасындағы Арал өңірі жағдайындағы күріш ауыспалы егіс айналымында мал азығындық дақылдарды өсірудің технологиясы бойынша докторлық диссертация қорғаған соң, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құрметті кафера меңгерушісі атағы берілген.

2014-2019 жыл аралығында «Болашақ» университетінде «Биология, география және спорт» кафедрасының профессоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы қызметін атқарған.

2018 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры атағы берілді.

Ғалым құнарлығы төмен тұзды топыраққа төзімді және жоғары өнім берумен ерекшеленетін жүгерінің «Қазақстандық 587 ТВ» жаңа буданын жасауға үлес қосты, 1985 жылы АС СССР 4951 авторлық куәлік алған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...