Университет ғалымдары «500 ғалым» бағдарламасы бойынша шәкіртақы иегері атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 желтоқсан 2023
  • 747

Университет ғалымдары «500 ғалым» бағдарламасы бойынша шәкіртақы иегері атанды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 6 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша шәкіртақы иегері атанды.

Оның ішінде Қамар Бекетова, Серікхан Жүзеев,  Есенжол Назаров, Гүлжас Тоқтағанова Ұлыбританияның Рединг университетіне, Эльмира Байниязова Ресейдің Қазан федералды университетіне және Рахат Құрманбаев АҚШ-тың Иллинойс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.

«500 ғалым» бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында отандық ғалымдардың кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында бекітілген болатын.

Атап өту керек, биыл қыркүйек айынан бастап «500 ғалым» бағдарламасы шеңберінде университеттің 12 ғылыми қызметкері Ресей, Әзірбайжан, Германия, Ұлыбритания, Швейцария елдеріндегі жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында археология, физика, электр және жылу энергетикалары, су ресурстары, құрылыс және шетел тілдері мамандықтары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуде.

«500 ғалым» – ғалымдардың біліктілігін және құзыреттілігін арттыруға бірегей мүмкіндік беретін жоба. Әріптестеріміз қайта оралып, өңірлік мықты университет құруға күш салады деп сенеміз.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...