Korkyt аta university және Қырғызстан университеті қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруды жоспарлауда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 желтоқсан 2023
  • 780

Korkyt аta university және Қырғызстан университеті қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруды жоспарлауда

Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің базасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды.
Қырғыз серіктестер 2023 жылдың 7 шілдесінде жасалған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде университеттің өкілдігі үшін кабинет пен материалдық-техникалық базаны  тегін ұсынды. 

216.jpeg

217.jpeg


Келісім шеңберінде тараптар бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын: білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, магистрант, докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын өзара кеңейтуге, бірлескен білім беру бағдарламаларын құруға, халықаралық рейтингтерге қатысуға, шетелдік студенттерді жалдауға, сондай-ақ мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға келісті. 
Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетіне Қырғыз Республикасы Президентінің 2022 жылғы 18 шілдедегі №243 Жарлығымен кең ұйымдастырушылық, қаржылық және академиялық дербестікті көздейтін ерекше мәртебе берілді. Сонымен қатар, осы университетке Қырғыз мемлекеттік заң университеті қосылды. Университетте 28 мыңға жуық студент бар, оқыту бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде 145-тен астам білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. 

218.jpeg

219.jpeg


Болашақта Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен қос дипломды білім беру бағдарламаларын құру жоспарлануда.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...