«Қысқы мектеп» аясында шетелдік ғалымдар дәріс өткізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қаңтар 2024
  • 1317

«Қысқы мектеп» аясында шетелдік ғалымдар дәріс өткізді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Қысқы мектеп» басталды.

«Қысқы мектеп» аясында Гонконг білім беру университетінің профессорлары  Ло Синг Кай (Professor Lo Sing Kai), доктор Ли Джу Сеонг (Dr Lee, Ju Seong), доктор Сун Данер (Dr Sun Daner) және доктор Ван Ифей (Dr Wang Yifei) Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне арнайы жұмыс сапарымен келді. Шетелдік профессорлар «Зерттеу жұмыстарын қалай тиімді жүргізу керек? Оқытудың ең жақсы жолы қандай?» («How to be a better teacher? How to be a better researcher?») bootcamp бойынша дәріс жүргізді. Білім беру саласындағы зерттеу жұмыстары, оқушыларға мотивация беру, жасанды интеллект саласы бойынша тәжірибе алмасты.

photo_5271466143137255973_w.jpg

photo_5271466143137255978_w.jpg

Дәріске Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен қатар  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Ә.Марғұлан атындағы Повладар педагогикалық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Сулейман Демирел университеті, М.Әуезов атындағы Оңүстік Қазақстан университеті, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінен келген 51 профессор-оқытушы қатысты.

photo_5271466143137255974_w.jpg

Бүгінде Гонконг білім беру университеті QS World University Rankings by Subject рейтингі бойынша 21-ші орында. Ал, профессор Ло Синг Кай, доктор Ли Джу Сеонг Стэнфорд университетінің рейтингі бойынша үздік 2%-ға кіреді.

photo_5271466143137255981_w.jpg

Сондай-ақ, «Қысқы мектеп» аясында қатысушыларға Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті педагогикалық ғылымдарының кандидаты Николаевна Юлия Кислякова «Инклюзивті білім беру: білім беру процесін және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» тақырыбында онлайн жән оффлайн форматта дәріс оқуда.

photo_5271466143137255980_w.jpg

photo_5271466143137255983_w.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Информатика және ақпараттық коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының магистрі, аға оқытушы Гүлнұр Мұсағұлова және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің философия докторы Жадыра Махметова  «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи инструментарийлері және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесіне интеграциялау» бағдарламасы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуде.

photo_5271466143137255984_w.jpg

«Қысқы мектеп» аясында университеттің профессор-оқытушыларына «Сандық және сапалық зерттеу әдістері» бағдарламасы бойынша UCL London философия докторы Динара Сұлтан онлайн форматта дәріс өткізуде.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік және отандық ғалымдар өткізген дәрістер профессор-оқытушылардың дамуына, тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік берді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...