Білікті профессор 70 жаста 
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 қаңтар 2024
  • 618

Білікті профессор 70 жаста 

Білікті профессор, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева мерейлі 70 жасқа толды. Осы айтулы мереке қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Ғылыми Кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Жиынды университеттің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор М.Бөрібаева жүргізіп, республикадан келген құттықтау жедел хаттарын табыстады. Алғашқы құттықтау хат ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова мен Руслан Рүстемұлынан келді.

145244895.png

P2611055.jpg

Іс шараға арнайы келген қонақтар қатарында Қызылорда облысы мәслихатының төрағасы Н.Байқадамов, облыстық мәслихат хатшысы,  техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.Бисенов, “Болашақ” университетінің ғылыми жетекшісі, профессор Б.Досмамбетов және зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар мен білімалушылар, ғалымның шәкірттері мен замандастары қатысты. 

P2611143.jpg

Ұлжан Нахатқызы — ұлттық интелегияцияның көптеген өкілдерін дайындаған білікті ғалым. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен 2007 жылы Ұ.Жаңбыршиеваға «Қазақ әдебиеті және журналистика» кафедрасының академиялық профессоры атағы берілді. Ол – 12 оқу-әдістемелік құрал, 2 монография, 4 әдеби-зерттеу еңбек, 250-ден астам ғылыми мақаланың авторы. «Қорқыт ата атындағы Алтын медаль» иегері. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. Бүгінгі жиында проректор Майнура Әбілтайқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министірінің қазақ тіліне сіңірген еңбегі үшін орденін де табыстады. 

Сонымен қатар Ұлжан Жанбершиеваға облыстың ең жоғарғы марапаты Құрмет Грамотасымен мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов марапаттады. 

P2600746.jpg

Ғылыми кеңесте Ұлжан Нахатқызының әріптестері сөз сөйлеп, профессордың өмірін көпшілікке үлгі етті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...