Міндетті гранттың өтімі туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 ақпан 2024
  • 690

Міндетті гранттың өтімі туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін ауыл квотасы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші курс білім алушыларына Қаржы орталығының жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызы  ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті 3 жыл жұмыс өтілімі бойынша Zoom платформасы арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

WhatsApp Image 2024-02-06 at 16.32.32 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-02-06 at 16.32.32.jpeg

WhatsApp Image 2024-02-06 at 16.32.31.jpeg

Кездесуге институт директорлары мен білім алушылар қатысты.  Қаржы орталығының маманы Ақзира Серікқалиқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістермен таныстырды.  

Сонымен қатар, Қаржы орталығы тарапынан жүргізілген Ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс -қимылы туралы түсіндірме жасады.

2023 жылғы бітірген жас мамандардың «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетіне СМС хабарлама келетіндігі туралы, және зейнет ақы аударымдарын тексеру үшін жас маман келісімін берген жағдайда 511 жауабын таңдайды, келіспей 512 жауабын таңдаған   жағдайда зейнет ақы аударымдары туралы ақпаратты Қаржы орталығына түлек өзі жіберіп отыруға міндеттенеді. 

Кездесу барысында, екінші мамандық алсам қалай болады, жұмыс таппаған жағдайда не істеймін, қазірден бастап жасаған жұмысым саналама,  тұрмысқа шықсам қалай болады, әскерге шақырылған жағдайда және екінші рет магистратураға түссем не істеуге болады деген секілді сұрақтарға толық жауап берілді. 

Орталық маманы білім алушыларды міндетті грант өтеміне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Университетте түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...