Ұлттық мұра партиялық жобасы аясында тоғызқұмалақтан сайыс өтеді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 ақпан 2024
  • 529

Ұлттық мұра партиялық жобасы аясында тоғызқұмалақтан сайыс өтеді

2024 жылдың 21-22 ақпанында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «AMANAT» партиясы «Тұран» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында тоғызқұмалақтан партия мүшелеріне (Профессор оқытушылар мен білім алушылар арасында) сайыс өткізіледі.

Сайыс шарттары:

Әрбір команда құрамына 2 ер, 1 әйел адам қатысады. (Ескерту: Ер адам болмаған жағдайда әйел адамды қатыстыруға болады);

Әрбір институттар мен құрылымдардан 1 команда қатыса алады. 

 

І. Сайысқа қойылатын талаптар:

Өтініштер 20 ақпанға дейін қабылданады. Үміткерлер sbt_bau@mail.ru  почтасына тіркелу өтінішін жібере алады. Телефон: 8 7072809890Серікбаев Бауыржан Төребекұлы

Өтініш үлгісі:

Аты жөні

Қызметі (БББ, оқу тобы)

Туған жылы

 

 

 

 

Сайыс қорытындысы бойынша марапаттау

Жүлделі орындар:   

I Дәрежелі Диплом.  3 дана медаль және 3 дана сыйлық (командадағы 3 ойыншыға)

II Дәрежелі Диплом. 3 дана медаль және 3 дана сыйлық (командадағы 3 ойыншыға)  

III Дәрежелі Диплом. 3 дана медаль және 3 дана сыйлық (командадағы 3 ойыншыға)

Үздік ойыншы Диплом – 2 дана. 2 дана сыйлық.

 

Өтетін орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 9 оқу ғимараты, 100 аудитория – Спорттық мұражай.

Уақыты:   басталуы-  21 ақпан 2024 ж. сағат 15.00

 

Салтанатты жабылуы  мен марапаттау рәсімі 22 ақпан 2024ж. Сағат 16.00-де 9 оқу ғимараты, 100 аудитория – Спорттық мұражай өткізіледі.   

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...