Апталық өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 ақпан 2024
  • 1028

Апталық өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі Жаратылыстану институты, «Биология, география және химия» БББ жұмыс жоспарына сәйкес Б-23-1М оқу тобының ұйымдастыруымен  «Құпия жаратылысқа - кемел біліммен» апталығы өтті.

Жасыл кафедра бағыттарына сәйкес студенттер арасында түрлі танымдық шаралар ұйымдастырылып, білім алушылар өздерінің білімдерін көрсетіп, белсенділікпен атсалысты.

Алғашқы күні –  «Қоршаған орта – студенттердің көзімен» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – жасыл кафедра бағыттарының бірі биоалуантүрлілікті сақтау, білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын ояту, зерттеушілік және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту арқылы ғылыми зерттеушілік қызметіне бағыттау болатын.


229.jpeg

Ал апталықтың екінші күні –  «Жас биолог-2024» интелектуалды сайысы өтті. Жарысқа қатысушы студенттер өздерінің жоғары білімі мен ұшқыр ойын көрсетті.

 

 

Студенттер арасында жағымды атмосфера, ортақ іс әрекет негізінде бірін бірі қолдау, біртұтас команда моделін қалыптастыру мақсатында соңғы күні «BioBattle» тимбилдингпен жалғасын тапты.  

Бір аптаға созылған іс-шараның қорытындылау кешінде «Биология, география және химия» кафедрасының ОПҚ құрамы мен апталықтың өтуіне белсене қатысып, түрлі шаралар барысында жүлдегер атанған студенттер марапатталды.  

227.jpeg

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...