Студенттер арасында гид-экскурсоводтар дайындалуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 ақпан 2024
  • 780

Студенттер арасында гид-экскурсоводтар дайындалуда

Қызылорда облысы – еліміздегі тарихи ескерткіштерге бай өңірдің бірі. Қазақстанның киелі нысандар тізіміне 12 ескерткіш осы облыстан енуі соның анық айғағы. Олардың қатарында небір зұлмат заманды басынан өткеріп, бүгінде жер бетінен жойылған, тарихи маңызға ие Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Жент қалалары бар. Сонымен қатар қала ішінде тарихтан сыр шертетін көне ғимараттар да аз емес. Бұлай деуіміздің себебі қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін, тарихын жетік меңгерген гидтер келуші қонақтарға алғашқы әсер қалдыратын қызметкерлердің бірі.

 

photo_5375195693599282232_y.jpg

 

photo_5375195693599282234_y.jpg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер арасында гид-экскурсоводтарды оқытудың семинар-тренингі өтті. Оқудың мақсаты – облыстағы туристік объектілермен танысып, кәсібилік сапасын көтеру. Сыр өңіріне келетін қонақтар мен туристер жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыру болып табылады. 

 

photo_5375195693599282222_y.jpg

 

Өз кезегінде, семинарға қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жоғары курс студент қатысты. Тренингтің басты мақсаты – оларды болашақта кәсіби гид-экскурсовод ретінде республикалық бірыңғай тізімге тіркеу жоспарлануда. Тәлім алып жатқан қатысушылар білімін жетілдіру үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мұражай меңгерушісі,  қонақ үй бизнесі және туризм менеджменті магистрі, 10 жылдан аса туризм саласында тәжірбиесі бар маман Ырза Бекзаттан дәріс алды. Аймақтағы көне нысандарды аралап, олардың ғасырға жуық тарихымен танысты және университет қабырғасындағы музейлер мен ғимараттар жөнінде мол мағлұматқа ие болды. Семинар-тренингтің нәтижесінде өңірдің туристік нысандары туралы ақпаратты сапалы ұсыну, туристік индустрия саласында адами ресурстарды дамыту, маршруттарды дұрыс жоспарлау және осы қызметтің сапасын арттыру бағытында жұмыстар жасалды.

 

photo_5375195693599282240_y.jpg

 

photo_5375195693599282231_y.jpg

 

Әрбір семинарға қатысқан білім алушы Қызылорда қаласының маңызды туристік нысандары таңдап алып, кәсіби тұрғыда таныстыруды үйренді. 

Семинар-тренингтің нәтижесінде гид-экскурсоводтар резеві жасақталды және қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Алдағы уақытта студенттерге арналған кәсіби гид даярлау өз жалғасын табатын болады.

Медиа центр Кызылординского университета имени Коркыт ата
Контактный телефон: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...