Жатақханада наурыз тойы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 наурыз 2024
  • 306

Жатақханада наурыз тойы өтті

“ДиЛМАШ” жатақханасында “Қош келдің Әз Наурыз!” атты Қасиетті Рамазан айында Наурыз тойын тойлап, дастархан жайып ауызашар берілді. Университеттің басқарма мүшесі-Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Нұртайұлы қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін бір топ жатақхана студенттеріне Алғыс хат табыс етті.

P2666683.JPG

P2666699.JPG

Жатақхана ауласына ақ киіз үй тігіп, ұлттық ойындар арқан тартыс, гір тасын көтеруден жігіттер сыңға түссе, салт-дәстүр сұрақтарына жауап беруден қыздар қалыс қалмады. Жеңімпаздарға Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы бағалы сыйлықтар табыс етті.

Студенттер Наурыз тойына үлкен дайындық жасапты. Бірі ән айтып, бірі билеп, енді бірі күй шертті. Мерекелік кешті “ДиЛМАШ” жатақханасының студенттері мен “Экономика және құқық” институты бірігіп ұйымдастырды. Айта кету керек, “ДиЛМАШ " ЖШС директоры Азат Досмаилов та жастар бастамасына қолдау білдірген.

P2677006.JPG

P2666727.JPG

Жатақхана студенттері Наурыз тойын мерекелеуге атсалысқан “Экономика және құқық" институты директоры Гүлшат Берікбайқызына, директордың орынбасары Айболат Ертайұлына және аға тәлімгері Аскат Шыңғысбайұлына және коммендант апайларына алғысын білдірді. Осылайша жатақханада тұратын  студенттер Әз Наурызды ерекше қарсы алды.

P2666737.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...