Қырғызстан университеттерімен ынтымақтастық артуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 наурыз 2024
  • 579

Қырғызстан университеттерімен ынтымақтастық артуда

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгін білім ордасының Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова Ж.Баласағұн  атындағы Қырғыз ұлттық университетінің студенттерімен кездесті.

WhatsApp Image 2024-03-20 at 11.36.14.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-20 at 11.36.15 (2).jpeg

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 10 студент оқуға, 1 магистрант ғылыми тағылымнамадан өтуге келді. Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.  Делегация жетекшісі, доцент Мээрим Даткайқызы университеті атынан алғыс білдіріп, бірлескен ынтымақтастық жұмыстары одан әрі арта түсетініне сенім білдірді.

Бейбіткүл Сәрсемханқызы қырғыз елінің студенттеріне сәттілік тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті.  Қонақтар университет өмірімен танысып, мұражайды аралады. Білім алушылар өз мамандықтары бойынша жаңашылдықтарды меңгеріп, әрі еліміздің салт-дәстүрімен танысатын болады.

WhatsApp Image 2024-03-20 at 11.36.15 (1).jpeg WhatsApp Image 2024-03-20 at 11.36.16.jpeg
WhatsApp Image 2024-03-20 at 11.36.16 (2).jpeg
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...