Білім ордасында Наурыз мерекесі тойлануда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 наурыз 2024
  • 251

Білім ордасында Наурыз мерекесі тойлануда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Нұр себеле, Наурыздың ұлы күні» атты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мәдени-көпшілік шарасы басталды. Алғаш болып облыс әкімінің бірінші орынбасыры Данияр Еренғалиұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының Университет ұжымына арнаған мерекелік құттықтауын табыс етті.  Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова университет ардагерлері мен барша көрермендерді Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Мұнан бөлек “AMANAT” партиясы Тұран бастауыш партия ұйымының белсенділерін марапаттады.

WhatsApp Image 2024-03-22 at 11.32.02.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-22 at 11.32.42.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-22 at 11.32.57.jpeg

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Айдос Зейноллаұлы ақ тілегін арнап, қала әкімі Серік Салауатұлының құттықтауын жеткізді.  Жиналған көпшілік Университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамалашалауда. Мерекеге орай «Ұлттық киімдер», «Ғылыми жобалар», «Кітаптар» көрмесі ұйымдастырылды. Мұнан бөлек мерекелік шара бағдарламасында ұлттық ойындар сайысы, «Кітап Aл» акциясы және «Салт-дәстүрді білесіз бе?» атты жүз викториналық сұрақтар сайысы өтуде. Ұлттық тағамымыз наурыз көжемен бауырсақ таратылуда.

WhatsApp Image 2024-03-22 at 11.32.31.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...