Оқырман қызығушылығын оятты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 наурыз 2024
  • 298

Оқырман қызығушылығын оятты

Наурыз мерекесіне арналған тағылымды іс-шаралар бес бөлімнен тұратын кітап көрмесімен жалғасты. Оқырман қауымына көрмені Ғылыми кітапхананың  әдіскері Сәуле Үйсінбаева таныстырды. «Ұлыстың ұлы күні» сөресінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, Наурыз мерекесі туралы кітаптар қойылған. Екінші сөреге университеттің тарихы туралы кітаптар мен «Хабаршы» журналының соңғы сандары оқырман назарына ұсынылды. Үшінші, төртінші кітап сөрелеріне оқытушылардың соңғы үш жылдағы еңбектері қойылған. Бесінші сөреге рухани жаңғыру бағытындағы әртүрлі кітаптар және Оксфорд университетінде жарық көрген қазақша сөздік  оқырман қызығушылығын оятты.

WhatsApp Image 2024-03-22 at 15.53.28.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-22 at 15.57.00.jpeg

Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Kitap Al» дүкенінің директоры Абдулла Тоғанаспен бірлесіп оқырмандарға әртүрлі жанрдағы кітаптарды қолжетімді бағада ұсынды. Акция кітап сүйер қауым үшін оңтайлы ұйымдастырылған. Кітап дүкеніне барып қалаған кітабын сатып алуға сәті түспей жүрген оқырмандар өздері іздеп жүрген бірнеше кітаптарға қол жеткізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...