Ғалымдар Германияда тағлымдамадан өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 наурыз 2024
  • 696

Ғалымдар Германияда тағлымдамадан өтті

Археология және этнография ғылыми орталығының ғылыми қызметкерлері Жетесби Султанжанов пен Гулмира Амиргалина «500 ғалым» бағдарламасы аясында Германия Федерактивті Республикасының жетекші ғылыми ұйымдарында тағылымдамадан өтті. Тағылымдама аясында Эберхард Карл атындағы Тюбинген университеті мен Германия археология институтының Евразия департаментінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

IMG_0091.JPG

20240208_081943.jpg

Аталмыш екі ғылыми ұйыммен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында меморандум жасалған. Бұған дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Эберхард Карл атындағы Тюбинген университеті және Германияның DFG қоры қаржыландырған «Ұлы Жібек жолының солтүстік аймағындағы көшпенділер мемлекетінің қалыптасуы және урбанизациялануы: Ерте орта ғасырдағы Жанкент қаласы (Арал теңізі, Қазақстан) тақырыбында жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Ғалымдар тағылымдама барысында өздерінің зерттеу бағыттары бойынша Сыр бойында орналасқан ортағасырлық қалалардың ішкі құрылымы, сәулет өнері және материалдық мәдениеті туралы зерттеулерін жалғастырды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған ғылыми ұйымдардың профессор-оқытушыларымен пікір алмасып, кітапханаларында жұмыс жүргізді. Эберхард Карл атындағы Тюбинген универсиетінде шетелдік зерттеушілерге арналған «Сыни тұрғыдан ойлау», «Академиялық оқуға тиімді тәсілді пайдалану», «Өзін-өзі басқару және мақсатқа бағдарлану» тақырыптарында университеттің жетекші ғалымдары ұсынған ғылыми семинарлар мен коллоквиумдар ұйымдастырылды. Ғалымдар Берлин қаласындағы «Музейлер аралы», Штутгарт пен Тюбинген қалаларының музейлерімен танысты.
Елге келген ғалымдармен №1 оқу ғимаратындағы «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – «Тарих», «Археология және этнология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға шетелдік ғылыми тағылымдама мен оқу бағдарламалары туралы ақпараттандыру.

339A3226.JPG

339A3255.JPG

339A3217.JPG

Кездесуге Гуманитарлық-педагогикалық институттың директоры С.Т. Тайман,  «Тарих және археология» білім беру бағдарламаларының жетекшісі Қ.З.Уткелбаев және оқытушы-профессорлар,  «Тарих», «Археология және этнология» БББ бойынша білім алушылар, Археология және этнография ғылыми орталығының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ғалымдар тағылымдама барысында жүргізген зерттеулері, ғылыми бағыттағы ізденістері, тіл меңгерудегі мәселелер, білім берудегі еуропалық әдістер және шетелдегі студенттік өмір туралы ойларымен бөлісті. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...