Студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған халықаралық жазғы мектеп туралы, Хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 сәуір 2024
  • 380

Студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған халықаралық жазғы мектеп туралы, Хабарландыру

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Халықаралық байланыстар бөлімі Халықаралық жазғы мектебінде оқуға қызығушылық танытқан студенттердің, магистранттар мен докторанттардың өтінімдерін қабылдау туралы хабарлайды.

Біздің серіктесіміз Еуразиялық-Тынық мұхиты университеттер желісі "ЕУРОПА ЖӘНЕ ШЫҒЫС АЗИЯ: БАЙЛАНЫСТЫ ТАРИХ - ОРТАҚ БОЛАШАҚ" тақырыбындағы бағдарламасы бойынша APAC 2024 халықаралық жазғы мектебінде 2024 жылғы 12 шілдеден 6 тамызға дейін оқу үшін хабарлама жасады. Қарқынды бағдарлама 3 елдегі 4 қаланы қамтиды: Париж (Франция, 12-18 шілде), Зальцбург (Австрия, 18-28 шілде), Венеция (Италия, 29-31 шілде) және Вена (Австрия, 31 шілде-6 тамыз). Бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты Парис Лодрон атындағы Зальцбург университеті. Жазғы мектепте оқығаны үшін қатысушыларға 5 ECTS балы беріледі. Ресми бағдарлама ағылшын тілінде жүзеге асырылады және 25 дәріс, 5 топтық экскурсия және 8 сапарды қамтиды. Ағылшын тілін білу деңгейі жалпы еуропалық CEFR стандартының B2 деңгейіне сәйкес болуы керек.

Халықаралық Жазғы мектептің төлемақысы 3900 еуроны құрайды. Бұл сома қонақүйде тұру шығындарды (таңғы асты қоса алғанда), Еуропа елдеріне автобуспен тасымалдауды, дәрістерді, экскурсияларды, билеттердің кіру ақысын және үстеме шығындарды қамтиды.

Өтінім беру сілтемесі - https://applications.plus.ac.at/summerschool_for_apac.

Өтініш беру мерзімі: 2024 жылғы 15 сәуірге дейін

Жазғы мектептің төлемақысын төлеу мерзімі: 2024 жылғы 1 мамырға дейін.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 15 сәуірге дейін Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың халықаралық байланыстар бөлімінде жүргізіледі.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке Би көшесі, 29-А, бас ғимарат, 2-қабат, 224 кабинет, тел.: 26-29-57

 

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың  халықаралық байланыстар бөлімі.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...