«Жауқазын» жеңімпаз атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 сәуір 2024
  • 230

«Жауқазын» жеңімпаз атанды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Жауқазын” студенттер театры 2-4 сәуір күндері Орал қаласында Махамбет Өтемісов атындаты Батыс Қазақстан университеті ұйымдастырған Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған “III Umit - 2024” республикалық студенттік театрлар фестиваліне алғаш рет қатысып жүлделі II орынды жеңіп алды. 

Әртүрлі мамандық студенттерінен құралған “Жауқазын” студенттер театрының жас таланттары М.Әуезовтың “Қарагөз” трагедиялық қойылымын  сахналады. Әділ-қазылар алқасы алғаш рет байқауда бақ сынаған жас өрендердің өнерін жоғары бағалады.

Айта кету керек, бұған дейін үш рет өткен республикалық сайыста бірінші орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университетінің «Ақжелкен» студенттік театры, ал үшінші орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «URKER» студенттік театры иеленді.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы жетекшілік ететін “Жауқазын” студенттер театрының ұжымын алғашқы жеңістерімен құттықтаймыз!!!

WhatsApp Image 2024-04-05 at 12.26.39 PM.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-05 at 12.26.37 PM.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...