Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 сәуір 2024
  • 337

Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайында қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтің 125 жылдық мерейтойына және Қазақстандағы геологтар күніне арналған «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы»республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  

Конференцияға университеттің Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева және жоғары оқу орындарынан келген оқытушы-ғалымдар мен жергілікті геологиялық барлау және өндіру компаниясының мамандары мен студенттер қатысты.

WhatsApp Image 2024-04-05 at 5.44.53 PM.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-05 at 5.44.55 PM.jpeg

Алғы сөз сөйлеу үшін  сөз кезегі «Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі геология Комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық департаменті» Республиқалық мемлекеттік мекемесі Қызылорда өңірлік инспекциясының басшысы Еркін Асқарұлына берілді.

Орталық Қазақстанның кешенді металлогениялық картасы жөніндегі алғашқы баяндаманы – Қ.Сәтбаев атындағы техникалық зерттеу университетінің Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты «Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау» кафедрасының профессоры, геология және минералогия ғылымдарының кандидаты Ақылбек Жүнісов жасады.

Одан кейін сөз алған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Инжинирингтік технологиялар»  аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Ғалым Байманов, Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірінде мұнай газ кеніштерін геологиялық барлау және даму кезеңдеріне тоқталды. Жиында баяндама жасап, өзекті ойларын ортаға салған Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а (доцент) – Марал Қаражанова Каспий теңізі шельфінде көмірсутек қорларын игерудегі геологиялық және техногендік тәуекелдері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, Жетісу ауданының мұғалімі Мадина Биясил «Сәтбаевтың зерттеулері» тақырыбына кеңінен тоқталды.

WhatsApp Image 2024-04-05 at 5.44.56 PM (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-04-05 at 5.44.56 PM (2).jpeg

Конференция барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Инжинирингтік технологиялар» білім бағдарламасының ғалымдары мен магистр оқытушылары геология саласындағы түрлі тақырыптық баяндамаларын жасап, ерекшелері айтылды.  

Ащысай кенорнындағы шоғырлардың гидродинамикалық байланысын модель арқылы зерттеу тақырыбында «СП Қазгермұнай» ЖШС-ның Қызылорда облысындағы бас маманы Данияр Нұрланов арнайы сөз сөйледі. Студенттерге теориядан бөлек, өндіріс орнынан тікелей тәжірибелік сабақ беруді жалғастыру және басқа да компанияларды дуалды оқыту жүйесіне жұмылдыру туралы ұсыныстар айтылды. Ғылыми конференция соңында қатысушы қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...