Жатақханаларда құқықтық тәрбиелеу бойынша кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 сәуір 2024
  • 228

Жатақханаларда құқықтық тәрбиелеу бойынша кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің №3, 5 студенттер үйінде  профилактикалық кездесу өтті. Қызылорда қалалық полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрбол Алдабергенов 1-2 - курс білім алушыларымен кездесті. Бұл профилактикалық кездесу студенттерді құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған.

WhatsApp Image 2024-04-09 at 15.14.20.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-09 at 15.14.17.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-09 at 15.14.20 (1).jpeg

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Сағнадинқызы Нұрайымның ұйымдастырумен өткізілген кездесудің мақсаты - студент жастарды тәртіпке шақыру, құқықтық сауаттылығын арттыру.

Қазіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында аға учаскелік полиция инспекторы сөз қозғап, өзекті ақпараттармен бөлісті. Білім алушылардың себепсіз сабақтан қалмауын қадағалау, оқу дисциплинасы мен студенттің ар-намыс кодексіне бағынуларын атап өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...