Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Еуропалық Одаққа мүше елдермен ынтымақтастықты арттырады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 сәуір 2024
  • 261

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Еуропалық Одаққа мүше елдермен ынтымақтастықты арттырады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Еуропалық Одаққа мүше 17 мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерімен кездесу өтті.

436935232_966502065219326_942938861081544412_n.jpg

436879754_966502175219315_4240385187785858419_n.jpg

436907859_966502075219325_4735751577230816581_n.jpg

Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті - 85 жылдық тарихы бар оқу орны. Ол студенттерге 66 бакалавриаттық 66 білім беру бағдарламаларын ұсынады. 34 магистратура бағдарламасын орындап отыр. 30 елде 125 халықаралық серіктестері бар. Университет халықаралық стандарттарға сәйкес дамуын жалғастыруда. Ал бүгінгі жиын білім ордасының білім беру саласындағы Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен ынтымақтастығын арттырады деп сенім білдіремін» деп атап өтті.

Мұнан соң Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Янкаускас Кестутис, Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Салмон Бал сөз алып, білім ордасымен ынтымақтастықты арттыру, студенттер мен оқытушылардың білімін жетілдіру іс-шараларын қолдайтынын айтты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен білім ордасының болашақ дамуын, зияткерлік капиталды ұлғайту, инвестициялық әлеуетті арттыру, Қызылорда облысының аграрлық технологияларын, экология, агроөнеркәсіптік кешен, су ресурстары және басқа да салаларда кадрлар даярлауда бірлесіп жұмыс істеуді мақсат етіп отыр.

436961703_966502118552654_5114996281296405184_n.jpg

436788449_966502105219322_3809854609544179338_n.jpg

436944684_966502201885979_7007171184875744101_n.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...