Студенттер республикалық интеллектуалдық ойынға жолдама алды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 сәуір 2024
  • 217

Студенттер республикалық интеллектуалдық ойынға жолдама алды

Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің педагогикалық бағытында білім алатын 108 үздік студенті “Ыбырай” қоғамдық қорында стипендиат болып, білімін жетілдіруде. 

Қордың қолдауымен студенттер қосымша білім алып қана қоймай, түрлі іс-шараларда бақтарын сынап жүр. Сондай-ақ университет қабырғасында “Ыбырай” ұйымын ашып, біршама жетістікке жетуде.

Әртүрлі мамандық студенттерінен құралған “Dariya” командасы 13 сәуір күні республикалық “Мұғалім” жобасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен “INTELLECTA” интеллектуалды ойынының оңтүстік аймақтық кезеңінде жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал “Snowdrop” командасы жүлделі ІІІ орынды қанағат тұтты.

”Dariya” командасының жетекшісі университет түлегі Азамат Абимолда болса, команда сапында университеттің 1 курс студенттері Шәміл Анарбай, Қабыл Дүйсек, Қуаныш Сапарбек, Мадияр Дузумбайұлы, Азамат Сеитмахамбет пен Бақдаулет Исаев болды. Жігіттерден құралған құрам 4 кезеңнен қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

Зейінді жастарды жетістіктерімен құттықтаймыз!

436803389_966973238505542_8712226697797080465_n.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...