Қазақстанның Эндаумент қорларының жиыны
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 сәуір 2024
  • 218

Қазақстанның Эндаумент қорларының жиыны

Жуырда Алматы қаласында Қазақстанның Эндаумент қорларының жиыны өтті. Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Эндаументтердің, инвестициялық компаниялардың, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Ресей Федерациясынан келген эндаумент қорлардың өкілдері қатысты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің атынан "Korkyt ata endowment" корпоративтік қорының директоры Маржан Базарханова қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жобалық кеңсесінің басшысы Фархад Қуанғанов ҚР Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген эндаумент қорлары (эндаумент) туралы Заңның қабылдануына байланысты эндаумент қорлары бойынша күтіп тұрған өзгертулер, сонымен бірге заң жобасындағы маңызды бөлімдеріне тоқталды.

«Аврора-Ала» корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Светлана Лаврова ресейлік және американдық эндаумент қорларының жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді ұсынды. Инвестициялық компаниялар қорлардың активтерін сенімгерлік басқару шарттарымен және мүмкіндіктерімен таныстырды.

Кездесу аясында Эндаумент қорлардың жетекшілері өз Қорлары қызметтерімен таныстырып, алға қойған міндеттері туралы айтып кетті. Жиын соңында қатысушылар Заңның қабылдануына байланысты Эндаументтердің жұмыс барысында кездесетін өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылады. Нәтижесінде қатысушылар Заң жобасын қолдау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттарына Үндеу дайындады, оның ішінде, еліміздің эндаумент қорларын дамыту үшін салықтық жеңілдіктер қажеттігін ерекше атап өтті.

Кездесу Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы және «Standard», «Tansar Capital» инвестициялық компаниялардың қолдауымен ұйымдастырылды. Келесі жиын қазан айында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық эндаументтер форумы форматында өтеді.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...