Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 сәуір 2024
  • 170

Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы ашылды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығының ашылу салтанаты өтті.

Орталықтың ашылу салтанатына Адам Мицкевич атындағы университеті, Польшаның лимнологиялық қоғамының президенті, Су ресурстарын қорғау кафедрасының профессоры Петр Климашик, Чэнду қаласындағы (ҚХР) Оңтүстік-Батыс университетінің «Қоршаған орта инженериясы» институтының профессоры Жао Цзяоян, осы университеттің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы Сергей Кривоногов қатысты.

IMGL3748.jpg

IMGL3696.jpg

Арал өңірінің экожүйелерін зерттеу жөніндегі орталықтың ашылуы тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, су маңы және жер үсті экожүйелерінің табиғи қалпына келу процестерін ашуға септігін тигізеді.

Қоғамның экологиялық білімін дамытуда, биологиялық әртүрлілікті сақтау, Арал өңірі халқының денсаулығын жақсарту, сондай-ақ, географиялық, экологиялық бағытта білім беру бағдарламалары мен білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды мақсат етеді.

Орталық шеңберінде биогеоценоздарды табиғи қалпына келтіруді қоса алғанда, Кіші Аралдың және тұтастай қазақстандық Арал өңірінің бұзылған экожүйелерін қалпына келтіру жолдары зерттелетін болады.

IMGL3617.jpg

IMGL3605.jpg

437056673_967791395090393_5913756124965241766_n.jpg

Сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарлар қауымдастықтарының құрылымы, динамикасы және экологиясы, олардың жіктелуі; ботаникалық, зоологиялық және экологиялық білімді насихаттау жүзеге асырылатын болады; бірегей табиғи объектілерді сақтау бойынша ұсынымдар әзірленеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, жақын және алыс шетелдердің экология саласындағы ғалымдарымен ынтымақтастықты арттыру жоспарланған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...