Республикалық пәндік олимпиада өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 сәуір 2024
  • 228

Республикалық пәндік олимпиада өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Археология және этнология» бағыты бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. 

Олимпиадаға еліміздегі «Археология және этнология» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайтын Л.Н. Гумилев Евразия ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Е.Букетов атындағы Қарағанды университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командалары қатысты.

P2733663.jpg

P2733631.jpg

P2733643.jpg

P2733639.jpg

P2733654.jpg

Пәндік олимпиада командалардың өзін таныстыруы, пәндік тест және ғылыми жоба қорғау бойынша үш кезеңнен тұрды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев Евразия ұлттық университетінің «Ақышев ізбасарлары» командасы 1-орынды жеңіп алды. Жетекшісі З.Ибадуллаева. Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінің «Әуселе» командасы 2-орынды, жетекшісі Ә. Мәкен және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қара шаңырақ» командасы 3-орынды иемденді. Жетекшілері С.Сағындықова, А.Есенаманова. Олимпиада барысында жеке жетістіктерімен көзге түскен қатысушыларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Командалар университеттің Археология және этнография ғылыми орталығының көрме залымен, университет тарихы музейімен танысты. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының көрікті жерлерін аралап, облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды. Танымдық экскурсия Қорқыт ата мемориалдық кешенінде жалғасты.

P2733651.jpg

P2733657.jpg

P2733679.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...