Мәдина Қойшыбайқызы - 60 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 сәуір 2024
  • 177

Мәдина Қойшыбайқызы - 60 жаста

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми Кеңес отырысы «Құқықтану» білім беру бағдарламасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, білікті ғалым, ұстаз Мәдина Жүсіпбекованың 60 жылдық мерейтойына арналды. 
Салтанатты мәжілістің тізгінін ұстаған Ғылыми Кеңестің төрағасы, университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы ұлағатты ұстазды мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жоғары білім саласын дамытудағы қажырлы еңбегі үшін мерейтой иесіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің «Алғыс хатын» тапсырды.

262.jpg

259.jpg

260.jpg

261.jpg

Шарада «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Мусаева Қызылорда облысының «Құрмет Грамотасын», Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а. Уалихан Ибраев аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының «Алғыс хатын» табыстады.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, университеттің оқытушы-профессорлары, Ғылыми Кеңес мүшелері, ғалымның шәкірттері қатысып, мерейтой иесінің тұлғалы бейнесі туралы жақсы пікірлерін білдірді. 

256.jpg

257.jpg

258.jpg

Мадина Қойшыбайқызы еңбек жолында Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік Қызылорда университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, кафедра доценті қызметтерін атқарған. Білікті заңгер, ғалым бүгінде «Заңнама және құқықтық ақпарат институтының хабаршысы», «ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының Хабаршысы» журналдарының рецензенті, ҚР облысы Әділет департаментінің адвокаттар және нотариустарды аттестаттау комиссиясының мүшесі, «Желтоқсан ақиқаты» патриоттар қозғалысы республикалық бірлестігінің мүшесі, Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі. 

ҚР азық-түлік қауіпсіздігі, құқық пен мемлекеттің даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық ғылыми мақаласы, 6 оқу құралы және 4 ұжымдық монографиясы жарық көрген. 

Салтанатты мәжіліске қатысушылар мерейтой иесін құттықтап, марапат сыйлықтарын табыстады.


Қ
орқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...