АҚШ- пен халықаралық байланыс артады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 сәуір 2024
  • 164

АҚШ- пен халықаралық байланыс артады

Апта басында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне ресми сапармен АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркин ханым келді.

Делегация Студенттер сарайында сирек кездесетін ғылыми кітапхана қорымен танысып, музейді көрді.

Қонақтар университеттің халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен мүмкіндіктерімен танысты. 

P2733222.JPG

P2733410.JPG

P2733335.JPG

АҚШ пен Қазақстан университеттерінің, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және американдық кеңестің әріптестік бағдарламасының қолдауымен біздің университет АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырған "Қазақстандағы өңірлік университеттер үшін экология және қоршаған орта туралы ғылымдар бойынша негізгі оқу бағдарламаларын ілгерілету" атты жоба іске асырылды. Бұл жобаға Джордж Вашингтон университеті, Оңтүстік Дакота университеті, Нью-Йорктегі Пейс Университеті және Мейн университеті қатысты. 

2020-2022 жылдары АҚШ Елшілігі қаржыландыратын педагогикалық университетті дамыту бағдарламасы (pudp) аясында біздің 30 оқытушымыз 72 сағаттық оқудан өтті. Қазіргі олар Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласы Ағылшын тілі мектептерінің оқытушыларын заманауи оқыту әдісіне үйретуде.

Сонымен қатар, екінші жыл Фулбрайт бағдарламасының стипендиаттары ағылшын тілін оқыту үшін үкіметаралық келісімдер негізінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен біздің университетке келеді.

Кездесуде тараптар ынтымақтастық мүмкіндігін кеңейту және білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайту аспектілерін талқылады.

Жиын соңында Бейбіткүл Сәрсемханқызы мұндай  іс-шаралар өзара тәжірибені байытуға және мәдени өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеріне сенім білдірді. Олардың қолдауы мен университетке деген қызығушылығы үшін алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.

P2733153.JPG

P2733111.JPG

P2733464.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...