Энергия мен ресурстарды үнемдеу мәселелері талқыланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 сәуір 2024
  • 162

Энергия мен ресурстарды үнемдеу мәселелері талқыланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Энергия мен ресурстарды үнемдеу технологиялары: тәжірибе және перспективалар» атты VI - Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Конференцияның ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы – ректор Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы конференцияның маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тілеп, алғысын білдірді. «Конференцияға қатысушылардың саны жыл сайын көбейіп келеді, бұл осы тақырыпқа қызығушылықтың артқанын көрсетеді. «Конференцияның мақсаты - қазіргі заманғы энергетиканы дамытудың іргелі ғылыми мәселелері мен перспективалық бағыттарын талқылау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы салалық компаниялардың озық тәжірибесін зерделеу» деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

WhatsApp Image 2024-04-23 at 15.40.56.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-23 at 15.40.56 (1).jpeg

Сонымен қатар, конференцияда көтерілген мәселелер экономиканың әртүрлі салаларында энергия мен ресурс үнемдейтін озық технологиялар мен шешімдерді енгізуге және танымал етуге өз септігін тигізетіндігін  де атап өтті.

Шара барысында әлемнің барлық елдері үшін өзекті мәселелер туралы шет елдік және отандық ғалымдар, атап айтқанда ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жанындағы ғылыми-технологиялық даму және ҚҚС Кеңсесінің басшысы э.ғ.д., Медиева Гүлбазар, Венгрия Республикасы Паннония университеті, Биоинженерия, мембраналық технологиялар және энергетика зерттеу тобы, радиохимия және радиоэкология институтының ғылыми қызметкері Хегедус Миклош, «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің доценті, т.ғ.д., Абдужолол Бокиев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, т.ғ.д., Өмірзақов Серікбай баяндама жасады.    

WhatsApp Image 2024-04-23 at 15.40.56 (2).jpeg                  

WhatsApp Image 2024-04-23 at 15.40.57.jpeg

Конференция жұмысына онлайн форматта 20-дан астам баяндама жасалды. «ЖЭК технологиясын іске асырудағы кадрлық мәселелер» секциясы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы  Едил Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаты Гүлжан Сүлейменова, ҚР Энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов, Жоғары Комитет төрағасы, ҚР жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова , Алматы Энергетика және байланыс университетiнің ректоры Мурат Сыздықов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева ғылыми отырысқа онлайн қатысып өз ойларын ортаға салды.

Конференция барысында проблемалардың кең ауқымы жан-жақты талқыланып, энергия мен ресурс үнемдейтін технологияларды тәжірибеде қолдануды дамыту және енгізуге қатысты тұшымды пікірлер айтылып, ұсынымдар берілді.  

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34


      

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...