Білім грантын жеңіп алды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 сәуір 2024
  • 177

Білім грантын жеңіп алды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 5- оқу ғимаратында "CPFED Qyzylorda Olymp" бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – Қызылорда облысының мамандандырылған емес орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына бағдарламалаудан өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беру.  Жарысты Спорттық бағдарламалау федерациясы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған.

WhatsApp Image 2024-04-23 at 18.36.36.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-23 at 18.36.36 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-04-23 at 18.36.37.jpeg

Спорттық бағдарламалау федерациясы облыстың  ауылдық жерлердегі және шағын қалаларындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларын информатика және бағдарламалау бойынша олимпиадаларға қатысуға, тегін оқыту және даярлау жобасын сәтті іске қосты.  Бұл жоба бүкіл аймақ оқушыларына олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берді.

Онлайн форматта өткен олимпиаданың іріктеу кезеңінен 37 қатысушы өтті. Ақтық сында үздік нәтиже көрсеткен үздік үш қатысушыға оқу орнының оқу гранты мен жеңілдіктері берілді. 
Марапаттау сәтіне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова және Спорттық бағдарламау Федерациясының өкілі Айдос Нұрмаш қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша I орынды “Ыбырай” ұлттық мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрлан Санжар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  100% оқу грантын жеңіп алды.

WhatsApp Image 2024-04-23 at 18.36.38.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-23 at 18.37.34.jpeg

Білімділер сайысында  С.Әлжіков атындағы №144 мектептің 10 - сынып  оқушысы Есенбек Рауан, Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектептің 11-сынып оқушысы Алпысбайұлы Ерасыл және №250 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Жаңабаев Мейіржан 50 пайыздық жеңілдік иеленді. Жүлделі үшінші орын иегерлері Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Телғара Балқы мен Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Ғабитұлы Самғат 25%  оқу жеңілдігіне қол жеткізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...