Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру бағдарламаларын өзектендіру жұмыстары жүргізілуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 сәуір 2024
  • 122

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру бағдарламаларын өзектендіру жұмыстары жүргізілуде

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде бакалавриаттың 66, магистратураның 34, докторантураның 13 білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлануда.

2023- 2024 оқу жылында «В068- Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» білім беру бағдарламаларының тобына «6В07204- Азық-түлік химиясы» атауымен жаңа білім беру бағдарламасын (Реестрге) тіркеуге өтінім берілді. Қазіргі таңда аталған білім беру бағдарламасы сараптаудан өтуде.

04.jpg

514651.jpg

6469469.jpg

Білім беру бағдарламаларын өзектендіру  мақсатында бакалавриаттың  оқу пәндерін біріктіру немесе жаңа пәнмен алмастыру  жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, 2023 жылдың 20 желтоқсандағы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің РОӘК мәжілісінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарына «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні 3 кредитпен қосылды және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің жұмыс бағдарламасына жасанды интеллектті қолдану  бойынша мағлұматты модуль түрінде игерту жолы мақұлданып, шешім қабылданды.

Осы бағытта білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен дайындаушылары өңірлік жұмыс берушілердің ұсыныстарын назарға ала отырып, жан-жақты саралау мен талдау жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде білім беру бағдарламаларының жұмыс, оқу жоспарлары қайта құрылып, білім беру бағдарламаларының тізіліміне жаңартуға өтінім беру көзделуде.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...