«Студенттік ғылым-2024»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 сәуір 2024
  • 154

«Студенттік ғылым-2024»

"Әлемді ғылым құтқарады" атты ғылым айы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында  «Студенттік ғылым-2024» ХХVІ дәстүрлі студенттік ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияда алғы сөз алған университетің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2022-2024, 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру, бағдарламалы-нысаналық қаржыландыру жобалары аясындағы ғылыми жобаның орындаушыларына алғыс білдіре отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMGL0768.jpg

IMGL0742.jpg

IMGL0804.jpg

IMGL0893.jpg

Конференцияның пленарлық мәжілісіне “Білім Ыбырай” қоғамдық қорының директоры Нұрбек Серікбаев, аталған қор өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Студенттер бүгінгі күні өзекті тақырыптарда баяндамалар жасады. Конференцияда үздік баяндама жасағаны үшін Х-22-1 оқу тобының студенті Арслан Сағындық, ТПП-21-1 оқу тобының студенті Жанар Ағаділ, Фин-21-1 п/я оқу тобының студенті Давид Цой, ХТО 21-1 оқу тобының студенті Айым Бауыржанқызы I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар аталмыш байқаудың  университетішілік   I-кезеңінде жүлделі орын алған жастарға диплом және "Білім Ыбырай" қорының қаржылай сыйлығы табыс етілді.

Мұнан бөлек, студенттік үйірмелердің ғылыми шығармашылық жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

IMGL0958.jpg

IMGL0938.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...