Жүлделі екінші орынды иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 мамыр 2024
  • 139

Жүлделі екінші орынды иеленді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Инженерлік-технологиялық институтының «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламаларына қарасты 3 курс, ЗУ-21-1 оқу тобының студенттерінен құралған «Жер ұйық» командасы Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы бойынша өткізілген ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі II орынды иленді.

Команда құрамында Жаннұр Біләл, Дина Нұрпейіс және Ақмаржан Басшыбекова болды. Төрт турдан тұратын олимпиада жеке командалар мен студенттерге жеке сұрақ қою кезеңдері болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша  «Жер ұйық» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, II - дәрежелі дипломмен сертификаттар табысталды. Ал топтың  ғылыми жетекшісі а.ш.ғ.к. Эльмира Елеуова студенттерді пәндік олимпиадаға жоғары деңгейде дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

291.jpeg

290.jpeg

Білім бәйгесінде оза шапқан студенттеріміз бен ғылыми жетекшісін марапаттарымен құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...