Университет ұстаздары семинарға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 мамыр 2024
  • 222

Университет ұстаздары семинарға қатысты

Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен «PhD Insights: Назарбаев Университетінің академиялық тәжірибесімен алмасу» атты семинар өтті.  Семинарға  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламаларының жетекшісі, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Алмауытова Әсия Базарбайқызы, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Далдабаева Гүлнұр Төреханқызы және «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD Дүйсекеева Нұргүл Жалелатдинқызы қатысты.

WhatsApp Image 2024-05-27 at 19.14.36.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-27 at 19.14.35 (1).jpeg

Семинарда Назарбаев Университеті, Жоғары мектептерінің профессорлары мазмұнды баяндамалар жасап, презентациялар ұсынды. Алғашқы күні семинарда Назарбаев Университетінің PhD бағдарламалары үшін оқу жоспарлары мен курстарын әзірлеу принциптері, академиялық жазу және зерттеу әдістері бойынша оқу бағдарламасын әзірлеу жөнінде сұрақтар қарастырылды.

Екінші күні спикерлер диссертациялық зерттеулердің негіздемелерін дайындауға және PhD зерттеулерге арналған жарияланымдарға қойылатын талаптарға шолу жасады. Назарбаев Университетінің кітапханасында өткізілген семинардың соңғы күнінде кітапхананың оқыту жөніндегі маманы Елизавета Камилова кітапхана жұмысымен таныстырып, қатысушыларға арнап топтық жұмыс ұйымдастырды.  
Назарбаев Университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар провосты (проректоры), доктор Луис Рохас-Солорзано және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Тойбаев Әділет Жүнісұлы барлық қатысушыларға сертификаттар табыстады.

WhatsApp Image 2024-05-27 at 19.14.33 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-27 at 19.14.33.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-27 at 19.14.32.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...