Студенттер жобаларын сәтті қорғады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 мамыр 2024
  • 231

Студенттер жобаларын сәтті қорғады

Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің орыс тілі институты "Цифрлық дәуірдегі маманның ақпараттық-коммуникативтік мәдениеті" атты Халықаралық студенттік жобалық сессиясы өтті. Іс-шара ресейлік және шетелдік университеттердің жаңадан бастаған зерттеуші-студенттері мен аспиранттарының ғылыми ізденістерінің нәтижелерін ұсынуға арналған халықаралық алаңға айналды. Жобалық сессия барысында қатысушылар желілік кәсіптік-іскерлік кеңістіктің өзекті мәселелерін талқылады.

WhatsApp Image 2024-05-28 at 15.54.31.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-28 at 15.54.31 (2).jpeg

Сессияға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, п.ғ.к Сәуле Жарбулованың жетекшілігімен РЯЛ-22-2 және РЯЛ-21-2 тобының студенттері Мұратбаева Эльвира мен Жамаладин Нұрай конкурстық негізде шақырылды. Жобаларын сәтті қорғаған студенттердің презентациялары креативті көзқарас пен өзекті тақырыптарды ашқаны үшін жоғары бағаланды.

Жобалық сессия бағдарламасы: интерактивті іс-шаралар мен дәрістер, магистранттар мен аспиранттардың баяндамалары, мәдени бағдарлама, шеберлік сыныптары және іскерлік ойындардан тұрды. Сессия соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

WhatsApp Image 2024-05-28 at 15.54.33.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-28 at 15.54.32.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-28 at 15.54.31 (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...